Оңтүстік-шығыс Жоғарғы Раданың шешіміне күмәндәнді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет REUTERS ақпарат көзінен алынған Сурет REUTERS ақпарат көзінен алынған

"Харьковте өткен съезде Оңтүстік-шығыс украиналық депутаттар Жоғарғы Рада шешімінің ерікті, легитимді, заңды екеніне күмән келтіріп, соған орай, қарар қабылдады. Сондай-ақ, қатысушылар, оппозицияның 21 ақпандағы дағдарысты реттеу туралы келісімді орындамай отырғанын мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Оңтүстік-шығыс Украина депутаттары қабылдаған қарарда, осы аймақтағы жергілікті атқару органдары және Кырым өз аумағында конституциялық заңдылықтардың сақталуын, Жоғарғы Рада жұмысы қалыпқа келгенге дейін, билікті толықтай өз мойындарына алатыны туралы айтылған. "Заңсыз қарулы топтар әлі қаруларын тапсырған жоқ. Орталық билік органдарын басып алып, бейбіт тұрғындар мен тәртіп сақшыларын өлтіріп жатыр. Украина Жоғарғы Радасы қысым көрсету, террорлық жағдайда жұмыс істеуде. Мұндай жағдайда қабылданған Украина парламенті шешімінің ерікті, легитимді, заңды қабылданғаны күмән туғызады. Орталық билік органдарының жұмысы мүлде тоқтаған»-делінген, Оңтүстік-шығыс украиналық депутаттар Харьковте қабылдаған қарарда. Депутаттар Қарулы күштерді орынында қалып, қару-жарақ қоймаларының сақталуын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Ал, жергілікті тұрғындарға іс-қимылдарды үйлестіру үшін ішкі істер органдарымен бірігуді ұсынды. Оңтүстік-шығыс украиналық депутаттың бірі әріптестерін тұрғындармен бірігіп, жергілікті бюджет есебінен қарулы халық жасаған құруға үндеді. Съезге үш жарым мыңнан аса Оңтүстік-шығыс Украина депутаттары қатысты. Сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі билік органдары ұсынылды. Кездесуге халықаралық істер комитеті бойынша Федерациялық Кеңес пен Ресей мемлекеттік думасының басшылары Михаил Маргелов және Алексей Пушков қатысты. Маргелов пен Пушковтан өзге, Ресей тарапынан Белгород, Ростов, Воронеж және Брянск облыстарының губернаторлары келді. Оңтүстік-шығыс Украина депутаттары съезд өткізген ғимарат маңында оппозиция жақтастары бүгінгі билікке қарсы шеру ұйымдастырды. Ал, дәл осы кезде, Киевте Жоғарғы Рада жаңа спикер мен ішкі істер министрін тағайындау, 2004 жылғы конституцияны қайта қалпына келтіру, Юлия Тимошенконы босату туралы бірқатар шешім қабылдады. Сондай-ақ, хабарламада, Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің Үкімет пен оппозицияны келісімді сақтауға шақырғаны айтылады. БАҚ құралдарының мәліметіне қарағанда, Украинадағы жағдай 26 ақпан күні Еуропарламенттің пленарлық отырысында талқыланады, ал, 27 ақпанда қарар бойынша дауыс беру өтеді. Оған дейін, бір топ Еуропарламент депутаттары 22 ақпанда екі күндік сапармен Киевке келеді. Сапар барысында, олар Украиналық әріптестеріне қандай көмек көрсетуге болатынын талқылайды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro