МакГрегор Серронені қалай 40 секундта жеңгенін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC 246 шоуының басты кездесуінде Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа түсіріп, спорттық мансабын қайта жандандырды. Кейінірек МакГрегор жылдам жеңісін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC 246 шоуының басты кездесуінде Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа түсіріп, спорттық мансабын қайта жандандырды. Кейінірек МакГрегор жылдам жеңісін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2017 жылы ирландиялық спортшы бокс ережесі бойынша америкалық Флойд Мейвезермен жұдырықтасып, оныншы раундта жеңілген еді. Осыдан кейін МакГрегор бокс ережесі бойынша бірнеше жекпе-жек ұйымдастыру ниеті бар екенін айтқан болатын. 

Ирландиялықтың айтуынша, осы бокс залындағы жаттығулар оған Серронені жеңуге себепші болған. 

"Білесіздер ме, мен қазір бокс залынан шықпаймын. Негізі спорттық мансабымды осы бокстан бастаған едім. Бұл дегеніміз тұп-тамырына қайта оралумен тең. Ковбоймен жекпе-жекте осы жаттығулар маған қатты көмектесті. Бұл туралы жекпе-жектен соң Джо Роганға айтқым келген. Жекпе-жекке жақсы дайындалдым, залда ерінбей еңбек еттім. Мен тәжірибелі спортшымын, осының бәрінен өттім. Мұны қайталай да аламын. Ең бастысы - жақсы формада қалу", - деді ол. 

АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирінің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасқан. Ирландиялық файтер қарсыласын 40 секундта жеңген болатын. Жекпе-жектен соң Серроне ауруханаға түскен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro