Qarmet көмір өндіру процестерінің қауіпсіздігін арттырады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Qarmet Фото: Qarmet

"Qarmet" компаниясына қарасты "Тентек" шахтасында жаңа ауа жіберетін клеттік оқпан салынып жатыр. Бұл оқпан металлургиялық комбинатқа қажетті коксулаушы көмірдің жаңа қабаттарын игеруге мүмкіндік береді. Мұнда қатпарлардың арасында қалған қоры 20 миллион тонна шамасында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Qarmet" компаниясына қарасты "Тентек" шахтасында жаңа ауа жіберетін клеттік оқпан салынып жатыр. Бұл оқпан металлургиялық комбинатқа қажетті коксулаушы көмірдің жаңа қабаттарын игеруге мүмкіндік береді. Мұнда қатпарлардың арасында қалған қоры 20 миллион тонна шамасында.

"Тентек" шахтасында 2021 жылдан бері өндіріс жүргізілмегендіктен, жаңа оқпан көмір кәсіпорнына "екінші тынысын" ашты. Жоба маңыздылығы туралы Қарағанды техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Владимир Фёдорович Дёмин айтып берді. Владимир Фёдорович көмір өнеркәсібіне жарты ғасырын арнаған, Костенко атындағы шахтада он жылдық жерасты тәжірибесі бар. Оның ғылыми зерттеулері шахталардағы газодинамикалық құбылыстарға, геомеханикаға, тау-кен жұмыстарының бекітілуі мен қолдауына арналған.

- Владимир Фёдорович, "Тентек" шахтасында жаңа ауа жеткізетін оқпанның қажеті неде?

- Жаңа ауа жіберуші оқпанды салу - шахтаның стратегиялық маңызды екендігін көрсетеді. Ол 830 метр тереңдікте, жоғары сапалы көмірдің 20 миллион тоннадан астам қоры бар қабаттарында жүргізіледі. Бұл "Тентек" шахтасының 20 жылдан астам уақыт тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

- Бұл жоба қауіпсіздік тұрғысынан қаншалықты маңызды?

- Бұл технологиялық шешім қауіпсіздік ережелері тұрғысынан прогрессивті. Жаңа ауа жіберетін оқпан енгізу кезінде төменгі қабаттарға ауа беру, вентиляциялық ағыстың көтеріңкі желдетілуі және шахтаның шурфтары мен негізгі стволдары арқылы ауа шығару қамтамасыз етіледі. Яғни, қауіпсіздік ережелеріне қайшы келетін төменгі желдету әдісі болмайды.

- Қазақстанның басқа қай қалаларында осындай технология қолданылады?

- Бұл ствол тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД елдері үшін де бірегей. Бұл әдіс бұрыннан белгілі, бірақ өте қымбат. Дегенмен, ол тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі тұрғысынан үлкен нәтиже береді. Бұл оқпанды енгізу шахтадағы ауа айналымын жақсартып, вентиляциялық жел сенімділігін арттырады, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартады. Әрине, бұл Қарағанды көмір бассейнін пайдалану тәжірибесінде жаңа серпіліс береді.

Шахта оқпанының құрылысына Қазақстандық материал қолданылды. Жұмыс 70%-ға аяқталды, қазірдің өзінде жылы ауа горизонтарға берілетін калориферлік ғимарат, электр станциясы, қойма ғимараты салынды, жылу трассасы мен су құбыры жүргізілді, сондай-ақ кіреберіс жолдар төселді.

Стратегиялық жобаны 2026 жылы пайдаға беру жоспарланған.

Tengrinews
Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro