Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 325,77 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 маусымдағы екі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 321,72 теңге болды. Осылайша, ұлттық валюта бірден 4,05 теңгеге әлсіреді.
21 маусымдағы таңғы сауданың бірінші келісімі 325,00 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды, ал максималдық құны 326,21 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 160,8 миллион долларға жетіп, 212 келісім жасалды.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 325,5-326,3 теңге аралығында. Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 45,9 доллар болды.