Қайрат Нұртастың директоры әншінің концертіне билет алуды мәжбүрлейтін әкімдік "құжаты" туралы пікірін білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Comode.kz © Comode.kz

Әкімдік өкілдері және Қайрат Нұртастың директоры 21 желтоқсан күні "Алматы Аренада" өтетін әнші концертіне билет сатып алу керектігі туралы қағаздың суреті жалған екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әкімдік өкілдері және Қайрат Нұртастың директоры 21 желтоқсан күні "Алматы Аренада" өтетін әнші концертіне билет сатып алу керектігі туралы қағаздың суреті жалған екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу ауданының әкімдігі таратты делінген "құжатта" Алматының бірнеше ауруханасының дәрігерлеріне 14-15 желтоқсан күндері Қайрат Нұртастың концертіне жалпы соммасы 787 мың теңгені құраған билеттерді сатып алу өтініші айтылады.

Әкімдікте бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Медеу ауданының әкімдігі әлеуметтік желіде тараған "құжаттың" жалған екенін ескертеді. Мұндай шаралармен әкімдік айналыспайды. Қайрат Нұртас Қазақстанда өте танымал әнші және қандайда бір промоушенді қажет етпейді", - дейді әкімдік өкілдері.  

Өз кезегінде әртістің директоры Лаура Сейітбекова әншінің концертіне билеттер ешқашан мұндай жолмен таратылмағанын айтады. "Бізде билет сату арнайы сайттар арқылы жүргізіледі және ұйымдастырушылардың өзі кеңселерде сатады. Біз біреулердің Қайратқа бөгет болып, дау тудырғысы келіп жүрген әрекетін көріп тұрмыз", - дейді ол. 

Оның айтуынша, әкімдік ұйымдастырушылық қолдау білдіреді, бірақ бұл сыртқы жарнамаға ғана қатысты. "Әкімдік билет сатумен айналыспайды. Бізде билеттер өтімі жақсы. Ондай көмек сұрауға жөн жоқ. Ешкімді мәжбүрлемейміз. Сосын бізде дәстүр бар - Қайрат жыл сайын балалар үйін аралап, концертіне билетін тегін таратады. Сосын қаншамасы әріптестер, таныстар мен туыстарға таратылады. Концертте Қайраттан өзге қазақстандық әртістер болады. Келіп бәрін өз көздеріңізбен көріңіздер", - дейді Сейітбекова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer