27 қазан 2015 | 20:25

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімінің сайтынан алынған сурет Астана әкімінің сайтынан алынған сурет

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының жаңа әкімін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап. Бұл орынға осыған дейін Астанадағы Алматы ауданының әкімі болып қызмет еткен 43 жастағы Бекбол Сағын тағайындалып отыр. Сағын осы қызметке Ерхан Омаровтың орнына келді. Омаровтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан шыққаны хабарланды.

Иконка комментария блок соц сети

Бекбол Сағын Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. 2003 жылдан бастап түрлі басшылық қызметтерде болып келген. 

Айта кетейік, Ерхан Омаров Ақтөбе қаласының әкімі болып 2012 жылдың ақпанында тағайындалған еді. Бұған дейін ол 2008 жылдың қазанынан 2011 жылдың 26 шілдесіне дейін Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. Ал 2011 жылдың 26 шілдесі мен 2012 жылдың 24 қаңтары аралығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды. 2012 жылдың қаңтары мен ақпанында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети