Алматыда сел жүргеннен кейінгі түн тыныш өтті. Қазір тұрғындар менарнайы қызметкерлер төтенше жағдайдың салдарын жоюға кірісіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда сел жүргеннен кейінгі түн тыныш өтті. Қазір тұрғындар менарнайы қызметкерлер төтенше жағдайдың салдарын жоюға кірісіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖД қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға орнында құқық қорғау органдары мен жедел құтқару қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар қираған үйлерді тексеріп, зардап шеккендермен кездеседі.
Жергілікті тұрғын Әбулбәкір Ахмедовтың айтуынша, селден кейінгі түн тыныш өтті, ТЖ болған жоқ. "Түнде үйімізде болдық, ылғал болды. Екі күн бойы ұйықтамасақ та, кеше түнімен алаңдап жаттық. Жергілікті тұрғындар селдің тағы болатынын айтты. Өзендегі су көбейді, мен өз қөзіммен көрдім. Ұрлыққа түсе ма деп те қорықтым. Көрші көшедегі үйдің бірін тонапты дегенді естідім", - деді ол.
Тұрғындар бір-біріне көмектесіп жатыр. Кейбіреулері көшеде жұмыс істеп жатқандарға шелпек таратып жүр.
Селден зардап шеккендердің бірі Наталья Сташевская түнімен көшеде ТЖД қызметкерлері жұмыс істегендерін айтты. Шудан ол ұйықтай алмаған. "Түнімен ұйықтамадық. Көше лас. Жертөле балшыққа батып қалды. Құдайға шүкір, үйдің іші аман. ТЖ қызметкерлері түнімен жұмыс істеді. Түнде су көтерілген жоқ. Көршілер де түнімен кезекші болды. Біз шығынға баттық, әкімдіктен көмек сұраймыз", - деді жергілікті тұрғын.
Тұрғындардың кейбірі жедел топтың қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмады. Көбісі ұйымдастырудың дұрыс емес екенін айтты. Олар жоспар құру керек деп есептейді.
Алматылық Айдын Жүнісбаев селден кейін досымен бірге апаттың салдарын жоюға көмектесуге келгенін айтты. Оның айтуынша, жоғары жақтағы ауданның тұрғындары көбірек зардап шеккен. "Кей көпірлер қираған, бақшалар да жоқ боп кетті. Газ және электр сымадарына да зақым келді", - деді ол.
Ол сол күні волонтерлердің көп болғанын айтты. "Жұмыс өте көп, арнайы техникалар мен адамдар керек. Жоғары қарай көтерілсеңіз, ол жақта волонтерлер мүлде жоқ. Байлар тұратын жерлерді трактормен реттегені көрініп тұр. Жағдайы төмен адамдар өздерінің күшіне ғана сеніп отыр", - деді Айдын Жүнісбаев.
Айта кетейік, Жүнісбаев кешке үйіне келер кезде Facebook парақшасына жазылғандарды көмекке шақырған. "Көп адам қолдады. Чапаево жаққа шығып, әр үйден көмек қажет пе деп сұрау керек", - деді ол.
Айдын Жүнісбаевтың Facebook парақшасындағы суреті
Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.
© Владимир Прокопенко