04 қазан 2015 | 12:01

Астанада сириялық оппозициямен кездесу декларациясының қорытынды мәтініне қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада Сирияның оппозициялық күштерінің екінші конференциясының қатысушылары декларацияның қорытынды мәтініне қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Сирияның оппозициялық күштерінің екінші конференциясының қатысушылары декларацияның қорытынды мәтініне қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости

Конференцияға қатысушылар болашақта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, "Астана-2" пункттерінің жүзеге асырылуы барысын хабарлауға ниетті екендіктерін мәлімдеді. "Әрине, қол жеткізген нәтижелерді хабарлау үшін президент мырзамен кездесуді сұраймыз", - деді Плюралистік қоғам үшін қозғалыс лидері Ранда Кассис екі күндік келіссөздердің қорытындысы бойынша. 

Қорытынды сессияда конференцияға қатысушылар "Астана" бастамасы" атауымен мәлімдеменің тұжырымдамасын жасады, онда қорытынды талқылаудың тәртібіне қосылатын алты пункт бар. Нақтырақ айтсақ, тараптар парламент сайлауларын халықаралық бақылауда өткізудің және барлық үміткердің қауіпсіздігіне кепіл болудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, оппозиционерлер армия мен қауіпсіздік құрылымдарын қайта құрылымдауға шақырды. Сонымен бірге, өтініште терроризмнің барлық түріне қарсы тұруға үндеу бар. Сирия оппозициясының Астанадағы конференциясының қатысушылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сириялық дағдарысты шешуде медиатор болуды сұрап, үндеу жасамақшы екендіктерін мәлімдеген еді. 

Еске салайық, Астанада сириялық реттеу бойынша келіссөздердің екінші раунды 2-4 қазан аралығында өтті. Бірінші раунд Астанада 25-27 мамыр аралығында өткен еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети