Жайық өзенінде ерекше құбылыс пайда болды, оның жағалауындағы судың түсі жасыл-көк болып, қою майға айналды, осыған байланысты Атырау облысының тұрғындары қауіптене бастады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Жайық өзенінде ерекше құбылыс пайда болды, оның жағалауындағы судың түсі жасыл-көк болып, қою майға айналды, осыған байланысты Атырау облысының тұрғындары қауіптене бастады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Тұрғындар түрлі тұжырым айтып жатыр - олардың бірі өзенге өте көп көлемде жасыл түсті бояу төгілуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасындағылар Жайық өзеніндегі жағдайдан құлағдар екендерін мәлімдеді. Қазір ол сұйықтықты мамандар зерттеп жатыр. "Алдын ала бағалау бойынша, ол бояу емес, органикалық зат. Қазіргі таңда біз экология департаментінің өкілдерімен бірігіп өзеннен сынама алып жатырмыз. Сынаманы өзеннің төменгі жағынан алдық, енді жоғары қарай жылжимыз", - деп хабарлады Атырау облыстық табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі Жақсылық Сақимов.
Сонымен қатар, Жайық-Каспий бассейн испекциясының су шаруашылығы басшысы Бейсен Қуановтың айтуынша, Жайық өзеніндегі бұл құбылыс судың таяздығымен және ауа мен су температурасының жоғары болуымен байланысты.
Оның сөзіне қарағанда, инспекция судың жылдамдығы жөнінде мәліметті әрбір 10 күн сайын алып отырады және Ресеймен шекаралас жерде өлшенеді. 10 тамызда оның жылдамдығы секундына 106 текше метр болды, ол орташа нормадан 10-15 пайызға төмен. Шілденің аяғына дейін судың жылдамдығы секундына 140 текше метр болған.
Сонымен, сарапшылардың айтуынша, төмен жылдамдық бұған дейін де болған. Мысалы, 2009 жылы шілдеде ол секундына 109 текше метр болды, ал 2010 жылы - 103.
"Қазір күн ыстық, Орал тауларында жаңбыр да, қар да жоқ. Судың шығыны азайған кезде, тиісінше Жайықтың деңгейі төмендейді, су жылдам қызып, жаға "түрлі түске айналады", - деп түсіндірді Қуанов.
Оның айтуынша, қазақстандық испекция Орынбор мамандарына өнеркәсіптік кәсіпорындардан қалдықтарды шығару жөнінде сауал жолдады. Жауапта қалдықтардың шығарылмағаны айтылған.
"Олардың айтуынша, ондай жағдайда дақ Жайықтың және Махамбеттің барлық жерінде болатын еді. Ал мына жағдайда бұл жергілікті құбылыс, тікұшақпен ұшу кезінде көрінеді. Біздің кәсіпорындар өз қалдықтарын арнайы жерге төгеді. Суды пайдалануға және қалдықтарды төгуге рұқсат беретін ведомство ретінде біз бұл жағдайды бақылап отырамыз. Бәлкім өзен арнасынан су ағып келген болар", - деді ол. Осы мәселеге байланысты инспекция жақын маңдағы су қоймасының басшысына хабарласып, су жылдамдығын секундына 30 текше метрден 45-ке дейін арттыруды өтінді.