Назарбаев БАӘ вице-президентімен кездесті

viewings icon 180 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Келіссөз барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны бұдан әрі дамыту жайын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономика, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) мен Дубай қаласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығын құру және оны тиімді басқару тұрғысынан Біріккен Араб Әмірліктерімен тәжірибе алмасудың маңыздылығына, сондай-ақ DIFC пен Астана халықаралық қаржы орталығы арасында тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне тоқталды. Дубай әмірлігінің билеушісі бұл бағытта іс-қимыл орнатуға толық дайын екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті исламдық қаржыландыру ісін дамытып, оны енгізуге айрықша үлес қосқаны үшін шейхқа алғыс білдірді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындықтың аяқталғанын, кейіннен көрме нысандары Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысы үшін пайдаланылатынын айтты.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрін Астанадағы "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылуына шақырды.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
23°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю