Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы музей экспозициясында ел Тәуелсіздігінің барлық кезеңдерін, соның ішінде Қазақстанның жаңа елордасы -Астананың салынуын қамту қажет екенін атап өтті.
Музей жанында тәуелсіз Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін барельефті панно салынатын болады. Оның ортасына Мемлекеттік тудың тұғырын орналастыру жоспарланған.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Шамалған ауылына барып, ауылдастарымен бейресми әңгіме өткізді.
Айта кетейік, музей құрылысы жеке адамның қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысанның құрылысы биылғы 1 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған.