Серік Ахметов тәулік бойы бақыланып отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отырған Серік Ахметовті тәулік бойы бақылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отырған Серік Ахметовті тәулік бойы бақылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз тәуліктің қай уақыты болмасын, Ахметовтің үйіне кіреміз де, оның кетіп қалмауын, телефон арқылы және Интернет арқылы байланыс жасап жатпағанын тексереміз. "Үй қамауы" бұлтартпау шарасы оған тергеушінің рұқсатынсыз әлдекіммен байланыс жасауға тыйым салады", - деді агенттік қызметкерлері. 

"Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану туралы нұсқаулыққа" сәйкес, айыпталушыны бақылап отырған анықтау органының лауазымды адамдары қамауға алынған адамның үйіне қай кезде болмасын, оның тәртібі мен белгіленген шектеулерді орындауын тексеруге құқылы.  

"Мәселе Серік Ахметовтің тергеу органдарынан жасырынатын адам ретінде сипатталатындығында болып отырған жоқ. Мұндай мәлімет бізде жоқ. Ахметов үйден кетіп қалуға әрекеттенген де жоқ. Заңда жазылған тиісті бақылау жасау - біздің жұмысымыз, оны орындамасақ тәртіптік жауапкершілікке немесе одан да қатаң жауапкершілікке тартылатын боламыз", - деді жемқорлыққа қарсы ведомствоның жедел-тергеу тобының қызметкерлері.

Мұнымен қатар, бұрынғы министрдің үйінің сыртында да бақылау жүргізіліп жатыр. Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеумен айналысатын полицейлердің көлігі айыпталушының үйінің маңындағы автотұрақта ауысыммен кезек атқарып тұр. 

Бұрынғы министр Cерік Ахметов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеудің нұсқасы бойынша, тағылып отырған қылмысты ол Қарағанды облысының әкімі болып тұрған кезде жасаған. "Үй қамауына алу" бұлтартпау шарасын Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық №1 сотының судьясы Зухра Тілеубергенова 18 қарашада таңдаған еді.

Айыпталушы үшін осы бұлтартпау шарасын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі өзінің өтінішінде сұрады. Бұл өтінішті бұдан да қатал бұлтартпау шарасын сұрамаған прокуратура өкілі де қолдады. Сот Ахметовтің бұрын сотталмағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін, тұрғылықты мекенжайы бойынша оң мінездеме берілгендігін, үйленгендігін, денсаулығын ескерді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қыркүйек айында қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қарағанды облысының басшысы Бауыржан Әбдішевті де ұстаған еді. Одан кейін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов пен жер қатынастары бөлімінің бастығы Ернар Дәрібеков қамауға алынды. Күдікті ретінде басқа да шенеуніктер ұсталды.

Еске сала кетейік, Серік Ахметов осы жылдың 22 қазаны күні Қорғаныс министрі қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Ол өзінің еңбек жолын Қарағанды облысында бастаған. Теміртау қаласының және Қарағанды облысының әкімі болды. 2011 жылы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, 2012 жылы Премьер-министр қызметтеріне тағайындалды. 2014 жылы Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі болып, бұл қызметте жарты жыл жұмыс істеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro