Түркияда Fox TV арнасы ұйымдастырған шоудың қатысушысы, 19 жастағы әнші Мутлу Кайяны басынан атып кетті, - деп хабарлайды Hurriyet Daily News. Оқиға дүйсенбі күні Диярбакыр провинциясының Эргани қаласында болды.

Үйінде отырған қызға қылмыскер терезеден оқ жаудырған. Қазір Мутлу Кайя жан сақтау бөлімінде жатыр.
Әнші қыз таяуда ән байқауының іріктеу кезеңінен өткен болатын. Қаладағы мектеп асханасында жұмыс істейтін қыздың дарынын Түркиядағы белгілі әнші Сибель Кан жоғары бағалады. Ол наурыз айында қызды қолдау үшін Диярбакырға арнайы келген болатын.
Дегенмен, сәуір айында түркиялық ақпарат құралдары туыстары қызды байқауға қатысқаны үшін қорқытып жатқанын хабарлаған болатын. Қыз тұратын аймақта күрдтер көп қоныстанған. Олар қыз баланың қоғамда белсенді болуына теріс көзқараста.
19 мамыр күні қызға шабуыл жасады деген күдікпен 4 адамның ұсталғаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, шабуыл жасағандардың бірі - оның жігіті.