2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 623,6 миллиард теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 623,6 миллиард теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Еске сала кетейік, зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстың мөлшері қаржы нарығындағы ахуалға және зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының бағасына тәуелді. 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелінің толыққанды құрылымы мына сілтеме бойынша қолжетімді:
"2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,9 триллион теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,4 триллион теңгеге артты. Бір жыл ішіндегі өсім 17,9 пайыз болды. Ал 2018 жылдың басынан бері өсім 1,1 триллион теңге немесе 14,4 пайыз болды. Қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына" тиесілі. Олардың пайыздық үлесі - 46,83 пайыз. Ағымдағы құны 2018 жылдың 9 айы ішінде 578,09 млрд теңгеге артып, 4 165,72 млрд теңгені құрады. Өсім 16,1 пайыз болды. Екінші орында "ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары". Олардың портфельдегі үлесі - 13,79 пайыз. Ал ағымдағы құны - 1226,36 миллиард теңге", - деп хабарлады қордағылар.
Инвестициялаудың тағы бір бағыты - ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары. Олардың портфельдегі үлесі 7,99 пайызды, ал ағымдағы құны 710,82 миллиард теңгені құрады.
Есептік күнге теңгеге номинирленген ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 9,9 пайызды, ал АҚШ долларына жылдық 6,6 пайыз болғаны айтылады.
"ҚР екінші деңгейдегі банктері үшін жалпы сомасы 200 миллиард теңгені құрайтын облигациялық бағдарлама аясында 2018 жылдың қыркүйегінде жалпы сомасы 29,37 миллиард теңгеге ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары сатып алынды. Мұнда орташа өлшемді кірістілік жылына 12,00 пайызды құрайды. Бұл ретте БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік ағымдағы жылдың 1 қазанына қарай жылына 6,9 пайызды, оның ішінде теңгеде номинирленген қаржы құралдары бойынша жылына 8,2 пайызды, ал шетелдік валютада жылына 3,9 пайыз болды", - дейді БЖЗҚ өкілдері.
Сондай-ақ, БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдарының теңгеде (69,06 пайыз), АҚШ долларында (30,52 пайыз) және Ресей рублінде (0,34 пайыз) номинирленгені айтылады.