Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармайды - Ақышев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Данияр Ақышев. © Николай Колесников Данияр Ақышев. © Николай Колесников

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

"2016 жылғы 6 маусымда Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме деңгейін және пайыздық мөлшерлемелер дәлізін өзгеріссіз, 15 пайыз деңгейінде сақтап қалды, бұл теңгенің тартымдылығын одан әрі күшейтуге бағытталды. Тәуекелдердің төмендеуіне және оң үрдістер орнықтылығының расталуына қарай біз базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармаймыз". Бұл туралы баспасөзконференциясы кезінде журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

"Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 11 шілдеде жарияланады", - деді ҚРҰБ басшысы.

Ақышев хабарлаған ақпарат бойынша, "2016 жылғы мамырда бір күндік РЕПО операциялары бойынша мөлшерлеме (TONIA индикаторы) 14,1 пайызды, бір күндік своп операциялары бойынша мөлшерлеме жылдық 13,7 пайызды құрады".

"Ақша нарығында өтімділіктің құрылымдық профициті байқалуда. Пайыздық мөлшерлемелер Ұлттық Банк таргеттейтін пайыздық дәліздің төменгі шегінде тұр. Сонымен қатар, Ұлттық Банк айтарлықтай үзілістен кейін алғаш рет 3 айлық айналыс мерзімімен мемлекеттік бағалы қағаздарды (Ұлттық Банктің ноттарын) шығаруды бастады, ал 24 маусымда (2014 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет) 6 айлық ноттарды орналастыру жоспарланып отыр" - деді Ақышев.

Сонымен қатар, ол Ұлттық Банктің "ұзақ құралдарға деген едәуір сұранысты байқайтынын, бұл, бір жағынан, нарыққа қатысушылардың тарапынан ұзақ теңгедегі құралдарға сенімнің өсуі туралы, ал екінші жағынан, Ұлттық Банктің қисық кірістілікті құру бойынша үлкен мүмкіндіктері туралы айтуға жағдай жасайтындығын", - атап өтті. "Осы жағдай теңгедегі ресурстардың құны бойынша барынша дәл бағдар жасауға мүмкіндік береді, бұл экономиканы кредиттеуді жандандыру үшін қажетті шарт болып табылады", - деп қорытындылады Ақышев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro