Астаналық биші әлемдегі ең беделді жарысқа қатысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "ВКонтакте" © "ВКонтакте"

Астаналық биші Николай Черников (Killa Kolya) қазақстандық брейкинг тарихында алғаш рет әлемдік Red Bull BC One турнирінің финалына дейін жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық биші Николай Черников (Killa Kolya) қазақстандық брейкинг тарихында алғаш рет әлемдік Red Bull BC One турнирінің финалына дейін жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі.

Бұған дейін ол іріктеудің бірнеше кезеңінен өтті - Бішкекте өткен Орталық-Азия сайферінде жеңіске жетті, Тбилисиде Red Bull Western Europe Final чемпионы болды. Николай өзіне ғана тән стилімен ерекшеленеді.

Римде өткен финалдық баттлда Николай АҚШ-тан келген El Nino-ға жол берді. Дегенмен зал шулап, қазақстандық Killa Kolya-ның жеңімпаз болуға лайық екенін айтып жатты.

Палаццо дей Конгрессиде (Palazzo dei Congressi) өткен кеште 16 биші бір-бірімен бақ сынасты.

Қазылар алқасына бес адам - Cico, Wing, Poe One, Focus және Lamine кірді. Олар қатысушылардың әртістік қасеттерін, хореографиясын, сонымен қатар би-бойлардың қимылдарына баға берді. Кештің ойын-сауық бағдарламасына хип-хоп жұлдызы Les Twins пен балерина Элеонора Аббагнатоның қойылымы кірді.

Турнир жеңімпазы АҚШ бишісі Victor Elmero болды. Флорида штатының тұрғыны алты жасынан бастап би билеген. Финалда ол португалиялық би-бой Bruce Almighty-мен сайысты.

"Жанкүйерлер оның атын атады, дегенмен мен мән берген жоқпын, - деді Victor. - Мен бұл шараның жеңімпазы атануды бала кезімнен армандадым. Осы сахнаға қалай шығу керегін ойладым, әйтеуір жеңіске жеттім. Бұл керемет сезім".

Red Bull BC One сайысы алғаш рет 2004 жылы өтті. Енді ол брейк-данс әлемінде ең басты шара болып отыр. Жыл сайынғы сайыс бұған дейін Германия, Бразилия, Оңтүстік Африка, Франция, АҚШ, Жапония, Ресей және Оңтүстік Кореяда өтті. Келесі жылы Red Bull BC One шарасының 13-ші финалы қайтадан Жапонияда өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro