18 желтоқсан 2014 | 17:34

Владимир Путин Ходорковскийді босатқанына өкінбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. ©РИА Новости Владимир Путин. ©РИА Новости

Владимир Путин "саясатпен айналыспаймын" деген уәдесінде тұрмаған бұрынғы олигарх Михаил Ходорковскийді босатқанына өкінбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Россия-24" телеарнасының тікелей эфирінде трансляцияланған баспасөз мәслихатында айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Владимир Путин "саясатпен айналыспаймын" деген уәдесінде тұрмаған бұрынғы олигарх Михаил Ходорковскийді босатқанына өкінбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Россия-24" телеарнасының тікелей эфирінде трансляцияланған баспасөз мәслихатында айтты. 

Владимир Путин кез келген азамат сияқты Ходорковскийдің де саясатпен айналысуға құқығы бар екенін айтты. "Расымен де, Ходорковский рақымшылық жасау туралы өтініш жасаған болатын, сондай қағаздың маған жолданғаны рас, ол саясатпен айналыспайтынын айтты. Бірақ мен кешірім берерде оның саясатпен айналысатынын немесе айналыспайтынын негізге алған жоқпын. Бұл - оның таңдауы. Егер тиісті талаптар бойынша елде жоғары лауазымдарға сайлана алатын болса, оның РФ-ның кез келген азаматы сияқты саясатпен айналысуына құқығы бар. Құдай жар болсын, жұмыс істей берсін. Мен шешімді гуманитарлық тұрғыдан қабылдадым. Ол сол кезде анасының қатты ауыратынын жазды. Ана деген - киелі ұғым. Ол жазасының көп бөлігін өтеді, анасымен қоштасып қалуға мүмкіндік бермей оны қалай қамауда ұстауға болады? Әңгіме осы туралы болды. Ол сол туралы жазды. Мен еш өкінбеймін, өте дұрыс шешім қабылдадым", - деді Владимир Путин. 

Баспасөз мәслихаты барысында Владимир Путин оппозиция мен "бесінші колонна" аталатын топ арасындағы айырмаға қалай қарайтыны туралы сұраққа да жауап берді. Президенттің айтуынша, ұлы ақын Михаил Лермонтов оппозиционер болды. "Ол Пушкиннің өлімі туралы "Ақынның өліміне" өлеңін жазғанда туыстарының бірі келіп, өлеңнің мәтінін жұмсартуды сұрайды. Ол наразы болып, ерегісіп, "сіздер қара қандарыңызбен ақынның адал қанын жуа алмайсыздар" деп қосып қойды. Ол, әрине, биліктің қарсыласы болды, бірақ мен оны патриот болды деп есептеймін", - деді Путин. 

"Мұның арасы - өте нәзік шекара. (...) Оппозиционер мен бесінші колонна арасында ішкі шекара бар. Оппозиционер анағұрлым қатал, бірақ ол өз елінің мүддесі үшін аяғына дейін күреседі. Бесінші колонна - басқа мемлекеттің айтуын орындайтын адамдар, олар бөтен саяси мақсаттарға жетудің құралы ретінде қолданылады", - деді Владимир Путин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ходорковский "Владимир Путин Еуропаға қарсы үлкен соғыс жүргізіп, оппозициямен күресіп жатыр" деп мәлімдеген еді. "Путин Еуропаға қарсы үлкен психологиялық соғысты бастады. Бұл - жаңа қырғиқабақ соғыс, ол тіпті бір жылмен аяқталмайды", - деген еді Ходорковский. Оның айтуынша, Кремль Еуропада дағдарыстың тууына белсенді түрде ықпал ететін болады және бұл дағдарыс Ресей экономикасының өзіне соққы болып тисе де басылмайды. "Іс жүзінде әміршіл мемлекетті басқарушылардың мұнда, Еуропада өз жақтастарын халықтан жиналған ақшамен қаржыландыруы, тіпті, жол берілмейтін жайт", - деген болатын Ходорковский. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети