Индонезияның Суматра аралының 37 жастағы тұрғыны Роберт Набабан алып питомен алысып, қолынан айырыла жаздады, - деп хабарлайды detik.com.
Ер адам шалғайдағы Батанг-Гансал ауданында май пальмасы егістігінде күзетші болып жұмыс істейді. Аумақты қарап жүрген ол ұзындығы 7,5 метр болатын жыланды байқап, ұстап алмақшы болады. Аңшы питонды қапқа салып алғысы келген, алайда сүтқоректі оның қолын тістеп алған.
"Жергілікті тұрғындар дер кезінде жетпегенде ер адам оның қолын жұлып алуы мүмкін еді", - деп жазады басылым. Ауылдықтар питонды бөренемен ұрып, ер адамды құтқарып алған. Зардап шеккен ер адам дереу ауруханаға жеткізілген. Ал питон өлтіріліп, оны ауылдықтар жеп қойған.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00