Аружан Саин ОҚО-дағы дау, күйеуі және ақша жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

27 Сәуір 2018, 18:27
12
Аружан Саин ОҚО-дағы дау, күйеуі және ақша жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" -

Қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Аружан Саин Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аружан Саин сұхбатында ОҚО-дағы дау жайлы айтты. Сондай-ақ, ол қандай да бір қызметке келуге ұмтылмайтынын айтып өтті. "Менің сүйікті жұмысым бар, шығармашылықты жақсы көремін, бірақ мемлекеттік қызметті ұнатпаймын", - дейді ол.

Мұнымен қоса, Аружан Саин еліміздегі қайырымдылық мәселесі жөнінде әңгімеледі. Айтуынша, Қазақстанда мейірімді адамдар өте көп. 2015 жылы Қазақстан Президенті "Милосердие" ерікті қоғамы" қайырымдылық қорына, яғни, балаларға көмек ретінде 300 мың доллар аударған екен.

Сонымен қатар, Аружан Саин балалары жайлы және күйеуі жайлы сұрақтарға жауап берді. Болашақта ол өзін кинода көргісі келеді және ток-шоу жүргізу де жоспарда бар екен.

Аружан Саин - белгілі тележүргізуші әрі продюсер. 2006 жылы "мейірімділік" ерікті қоғамы" қайырымдылық қорын құрды. Қор балалар үйіндегі және сәбилер үйіндегі балаларға, сондай-ақ, науқас балаларға көмектеседі.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова, "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, актер театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (12)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай