24 қараша 2015 | 14:55

Қазақстандық пойыздарда дүниеге келген сәбилерге жолсеріктердің есімі берілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/railways_kz © vk.com/railways_kz

Қазақстандық пойыздарда дүниеге келген сәбилерге жолсеріктердің есімі берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық пойыздарда дүниеге келген сәбилерге жолсеріктердің есімі берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жолаушылар пойызында жеті сәби дүниеге келген.

Кеше кешке "Ақтөбе - Астана" бағытындағы "Тұлпар-Тальго" пойызында жолаушы жас әйелдің толғағы басталды. Жолаушылар арасында медициналық қызметкердің болмауы, ал ең жақын деген Әйтеке би - Тобыл өткелігіне дейін кем дегенде төрт сағаттық жолдың бары жағдайды ушықтыра түсті.

"Пойыз бригадаларының ойлануға уақыты болмады, себебі жас ананың жағдайы кезек күттірмеді. Жолсерік Айнұр Аймағамбетова әйелді жеке купеге ауыстырды. Түңгі екіде сол купеден сәбидің іңгәлаған даусы естілді. Станцияға келісімен, ана мен жаңа туған Әлімхан "Жедел жәрдем" медициналық қызметкерлерінің қолына тапсырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Осыған ұқсас жағдай біраз уақыт бұрын "Астана - Түркістан" бағытындағы пойызда да болды. Ол кезде таң сәріде ұл бала дүние есігін ашты. Жолаушылар балаға бірден Ақжол есімін қойды. Шу станциясында сәби мен оның анасына керекті көмектер көрсетілді. Биыл қыркүйек айында "Астана - Алматы-2" бағытындағы "Тұлпар - Тальго" пойызында Арлен есімді сәби дүниеге келді. Оның есімі жолсеріктің құрметіне қойылған.

Ұлттық тасымалдаушы компания өкілдерінің мәлімдеуінше, жолда туылған нәрестелердің басым бөлігіне жүкті әйелді босандырған жолсеріктердің есімдері беріледі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жолсеріктерді дайындауда олардың біліктілігі мен шеберлігіне аса мән береді. Пойыз бригадалары үшін арнайы құрылған білім беру орталығында кәсіби жаттықтырушы-кеңесшілер жұмыс істейді. Мұнда теміржолшыларға қарым-қатынас этикасы, сөйлеу мәдениеті, стандартты қызмет көрсету, қалыптан тыс жағдайлардан шығу жолдары, алғашқы медициналық қызмет көрсету шараларын үйретеді. Қазіргі уақытта білім беру орталығында мың жолсерік пен пойыз басшылары білімдерін жетілдіріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети