Қазақстандық дизайнердің көйлегі Dress of the World конкурсында бас жүлде иеленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Отандық дизайнер-сәнгер Малика Дүйсенбаева "Қазақстанның жыл көйлегі - 2016" Ұлттық конкурсының жеңімпазы Сербияда Dress of the World әлемдік финалында бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Дүниежүзілік сән конгресінің" Қазақстандағы өкілі София Рузиева хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Отандық дизайнер-сәнгер Малика Дүйсенбаева "Қазақстанның жыл көйлегі - 2016" Ұлттық конкурсының жеңімпазы Сербияда Dress of the World әлемдік финалында бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Дүниежүзілік сән конгресінің" Қазақстандағы өкілі София Рузиева хабарлады. 

Байқау 8 қыркүйекте Сербияның Белград қаласында өтті. 

"Жеңімпаз болғанымызға әлі де сене алар емеспін. Бұл байқауға аса ыждаһатпен дайындалдым. Мұнда екі көйлек әкелдім, Тұмар көйлегі - Қазақстандағы байқаудың жеңімпазы және Айша Бибі жаңа көйлегі. Бұл аңыз жайлы барлық қазақстандық біледі, жас, пәк, еліктіретін қыз", - деді дизайнер Малика Дүйсенбаева.

Дүйсенбаеваның айтуынша, байқауға модельдер Македония мен Монтенегродан таңдалыпты. 

 "Бұл конкурста модель қыздарды таңдау да өте маңызды фактор. Дене сымбатына қарай ғана емес, сырт келбетіне, оның образ мінезін жеткізе алатындай таңдадық. Модельдерді Македония мен Монтенегродан таңдадық. Байқау қарсаңында қыздар мәнін түсінсін деп, көйлек атауларына байланысты оқиғалар мен аңыздарды әңгімелеп бердім. Олар рольді жақсы сезінді деп ойлаймын. Біздің көйлектер шыға бастағанда қошеметтен құлақ тұнды, көрермендер мен қазылар алқасы камераға түсіріп жатты. Сол кездің өзінде үздік үштікке енетінімізді сездім", - деп еске алды сәнгер. 

"Басқа дизайнерлерден де өте әдемі образдар болды, әсіресе Израильден келген сәнгердің көйлегі ұнап қалды, сол жеңеді екен деп ойладым. Жеңімпазды жариялап жатқан кезде, Израиль екінші орын алғанда буындарым босап, дірілдеп кеттім, көзіме жас келді, бұл жеңісті сезінген сәт еді. Біздің атымызды атағанда өң-түсімді ұқпай, жүлдені алуға шықтым. Бұл менің жеңісім емес, бұл менің анамның және елімнің жеңісі! Анам мені Әлемдік дизайнер қылған ұлы әйел екенін айтты", - деп бөлісті қуанышын Дүйсенбаева. 


©  Facebook.com/Раушан Базарбай.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro