16 маусым 2014 | 09:14

АҚШ Иран мен Ирактағы жағдайды талқыламақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ирак және Леванта ислам елдері" лаңкестік топтарының Ирак аумағының бірқатар территориясына бақылау орнатуына байланысты АҚШ Иранмен тікелей байланысқа шықпақ" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Ирак және Леванта ислам елдері" лаңкестік топтарының Ирак аумағының бірқатар территориясына бақылау орнатуына байланысты АҚШ Иранмен тікелей байланысқа шықпақ" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Атын атауды жөн көрмеген америкалық мемлекеттік қызметкерлер Wall Street Journal басылымына Ирак мәселесі бойынша Вашингтонға Иранмен және сол аймақтағы өзге де елдермен лаңкестерден келетін қауіп мәселесін талқылау аса қажет екенін айтқан. Иран мен АҚШ арасындағы тікелей байланыс осы аптаға жоспарланып отыр.

Екіжақты диалогтің қай жерде, қай арнамен жүретіні қазірше белгісіз. Мұндай алаң ретінде, дүйсенбіден бастап халықаралық делдал "алтылық" (АҚШ, Ресей, ҚХР, Германия, Франция, Ұлыбритания) елдері мен Иран арасындағы Тегеранның атомдық бағдарламасына қатысты келіссөздердің келесі кезеңі өтетін Вена таңдалуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама "Вашингтон Иракқа қайта әскер жібермек емес" деп мәлімдеген еді. Алайда, Ақ үй Ирак билігіне көмектесудің басқа да форматтарын қарастыратынын жеткізген болатын.

1980 жылы Тегеранда америка елшілігінің қызметкерлері қамауға алынғаннан кейін АҚШ Иранмен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастарды үзген болатын. Таяуда, екі ел басшылары арасында болатын тікелей байланыс болашақта АҚШ пен өткен жылы президент сайлауында Роухани жеңіске жеткен Иран елі арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыруға ықпал етуі мүмкін. Өткен жылы қыркүйекте Роухани Обамамен телефон арқылы сөйлескен болатын. Бұл 1979 жылдан кейінгі екі ел президенттерінің алғашқы әңгімелесуі еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети