Қазақстандықтардың банктерге берешегі қанша?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың банкке берешегі 24 трлн теңгеден асқан, ал қарызы бір жылда 22,9 пайызға артқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың банкке берешегі 24 трлн теңгеден асқан, ал қарызы бір жылда 22,9 пайызға артқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Баспанаға, оқуға, үй жөндеуге...

1 қаңтардағы мәлімет бойынша жеке тұлғалардың банкке берешегі 24 триллион теңгеден асқан. Жұрттың қарызы тек бір жыл ішінде 22,9 пайызға артқан. 

Соның ішінде кепілсіз несие және ипотека деп бөліп қарасақ, оқуға, үй жөндеуге ақшалай немесе тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге кепілсіз ақша алғандардың саны 8 миллионнан асып кеткен. Ал оның өсімі 23 пайызға жетіп, 12 триллион теңгеге жақындаған. Баспаналы боламын деген жұрттың қарызы бір жылда 14 пайызға өсіп, 6,7 триллион теңге болған. Яғни оның жартысынан көбі 2023-2024 жылдары алынған.

Автонесие бойынша есеп қандай?

Мәліметке сүйенсек, автонесие де көш басында. Елімізде 559 мыңнан аса адам несиеге көлік алған. Жалпы берешектің 45 пайыз үлесі соларға тиесілі. Ақшаға шаққанда 3,6 триллион теңге. Бұл мәліметтерді бірінші кредиттік бюро ұсынды.

"Қазақстандықтардың банктерге берешегі - 24 триллион теңге. Бір жылда жалпы қарыз сомасы - 22,9%, тұтынушы несиелері - 22,9%, ипотекалық қарыз алушылар 14,1%-ға өскен, ал автонесие бойынша берешек - 44,8%", - деп жазылған мәліметте.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro