Сәбит Оразбаев Фото©Нұрғиса Елеубеков
Бүгін Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаевтың "Өмірдің өзі – театр" кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақ халқы театр, кино, жалпы өнер саласында тамаша дарындарға кенде емес. Олардың кешегі, бүгінгі өнері мен өмірі – ертеңгі тарих. Соның ішінде театр тарландарының сахнадағы рөлдері және сахна сыртындағы күнделікті тірліктері, өнегелі істері кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие болары хақ. Алайда осындай қазынаға бергісіз рухани дүниелеріміз қағазға түспегендіктен әр жерде шашылып, зерделенбей жатады. Асыл мұралардың құндылығын түйсіне білетін, халықтың қажетіне жараса екен деп еңбектенуге ерінбейтін кемеңгер ақсақалдарымыздың бірі - белгілі актер Сәбит Оразбаев өзінің өнердегі, өмірдегі қатарластары жайлы естеліктерін кітап етіп шығарды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Сәбит Оразбаев театр мен кино өнеріндегі дара туған тұлғалар туралы өзінің естеліктерін, қызықты әзіл-оспақ әңгімелерін, қарапайым тірліктегі оқиғаларын, ой-толлғаныстарын "Алматы ақшамы" газетіне жариялай бастаған болатын. Автордың бұл әңгімелері талай оқырманның ыстық ықыласына бөленді. Енді кітап болып шыққан эссе, естелік, ой толғамдар жинағында автор ел есіндегі Елағаң, Серағаң, Қаллеки, Асқар Тоқпанов, Шәкен Айманов, Сәбира Майқанова, тағы басқа өнер тарландары жайлы сөз еткен, Сәбит Оразбаев, Қазақстанның халық әртісі: – Мен өзім қайда, қашан болса да қазақ театрының негізін қалаған жоғарғы буын аға-апаларым жайлы айтып жүремін. Жүрген жерімде менің әңгімемді естіген жолдастарым "Сәке, осы естеліктеріңізді кітап етіп шығарсаңызшы" дегенде аса мән бермеуші едім. Кейіннен ойласам, қазіргі ұрпақ расында да, өнердегі мықтылар несімен мықты болды, олардың өмірі несімен өнегелі еді деген секілді сұрақтарға жауап таба алмайды екен. Сонымен өзім білетін естелік әңгімелерімді қағазға түсірмекші болып едім, алғашқы талпынысым сәтсіз болды, жазуға келгенде ойыма ештеңе оралмайды екен. Ал менің естелік әңгімелерімнің жарық көруіне "Алматы ақшамы" газетінің редакторы Қали Сәрсенбай мұрындық болды. Алғашында естелік-әңгімелерім диктафонға жазылып алынып, қағазға түсті. Кейіннен қиын болса өзім жазуды қолға алдым. Енді міне, кітап болып жарық көргеніне тіпті сене алмай отырмын, иығымнан бір ауыр жүк түскендей. Кейде тіпті Жаратқан маған осы кітапты жазсын деп өмір берген шығар деп те ойлаймын. Денсаулығым, көңіл күйім жақсы болса, әлі талай дүние жазғым келеді. Сексенннің сеңгіріне аяқ басып қалған Сәбең жақында Германияда және Оңтүстік Кореяда ота жасатып келген еді. "Амандық болса, таяуда кітабымның екінші томын да шығару жоспарда бар", – дейді Сәбит Оразбаев.
Бүгін Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаевтың "Өмірдің өзі – театр" кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақ халқы театр, кино, жалпы өнер саласында тамаша дарындарға кенде емес. Олардың кешегі, бүгінгі өнері мен өмірі – ертеңгі тарих. Соның ішінде театр тарландарының сахнадағы рөлдері және сахна сыртындағы күнделікті тірліктері, өнегелі істері кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие болары хақ. Алайда осындай қазынаға бергісіз рухани дүниелеріміз қағазға түспегендіктен әр жерде шашылып, зерделенбей жатады. Асыл мұралардың құндылығын түйсіне білетін, халықтың қажетіне жараса екен деп еңбектенуге ерінбейтін кемеңгер ақсақалдарымыздың бірі - белгілі актер Сәбит Оразбаев өзінің өнердегі, өмірдегі қатарластары жайлы естеліктерін кітап етіп шығарды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Сәбит Оразбаев театр мен кино өнеріндегі дара туған тұлғалар туралы өзінің естеліктерін, қызықты әзіл-оспақ әңгімелерін, қарапайым тірліктегі оқиғаларын, ой-толлғаныстарын "Алматы ақшамы" газетіне жариялай бастаған болатын. Автордың бұл әңгімелері талай оқырманның ыстық ықыласына бөленді. Енді кітап болып шыққан эссе, естелік, ой толғамдар жинағында автор ел есіндегі Елағаң, Серағаң, Қаллеки, Асқар Тоқпанов, Шәкен Айманов, Сәбира Майқанова, тағы басқа өнер тарландары жайлы сөз еткен,
Сәбит Оразбаев, Қазақстанның халық әртісі:
– Мен өзім қайда, қашан болса да қазақ театрының негізін қалаған жоғарғы буын аға-апаларым жайлы айтып жүремін. Жүрген жерімде менің әңгімемді естіген жолдастарым "Сәке, осы естеліктеріңізді кітап етіп шығарсаңызшы" дегенде аса мән бермеуші едім. Кейіннен ойласам, қазіргі ұрпақ расында да, өнердегі мықтылар несімен мықты болды, олардың өмірі несімен өнегелі еді деген секілді сұрақтарға жауап таба алмайды екен. Сонымен өзім білетін естелік әңгімелерімді қағазға түсірмекші болып едім, алғашқы талпынысым сәтсіз болды, жазуға келгенде ойыма ештеңе оралмайды екен. Ал менің естелік әңгімелерімнің жарық көруіне "Алматы ақшамы" газетінің редакторы Қали Сәрсенбай мұрындық болды. Алғашында естелік-әңгімелерім диктафонға жазылып алынып, қағазға түсті. Кейіннен қиын болса өзім жазуды қолға алдым. Енді міне, кітап болып жарық көргеніне тіпті сене алмай отырмын, иығымнан бір ауыр жүк түскендей. Кейде тіпті Жаратқан маған осы кітапты жазсын деп өмір берген шығар деп те ойлаймын. Денсаулығым, көңіл күйім жақсы болса, әлі талай дүние жазғым келеді.
Сексенннің сеңгіріне аяқ басып қалған Сәбең жақында Германияда және Оңтүстік Кореяда ота жасатып келген еді. "Амандық болса, таяуда кітабымның екінші томын да шығару жоспарда бар", – дейді Сәбит Оразбаев.