31 арнада махаббат пен ғадауат қатар өрілген "Мави" телехикаясы көрсетіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Өзгеше хикая, шым-шытырық оқиға, өмірдің қилы кезеңдері, өшпенділік және ғажайып махаббат - осының барлығы 31 арнада шымылдығын түретін "Мави" түрік телехикаясында 23 қазаннан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында 22:00-де көрсетіледі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзгеше хикая, шым-шытырық оқиға, өмірдің қилы кезеңдері, өшпенділік және ғажайып махаббат - осының барлығы 31 арнада шымылдығын түретін "Мави" түрік телехикаясында 23 қазаннан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында 22:00-де көрсетіледі. 

"Түрік кинематографтарының көрерменге таңғажайып махаббат хикаясын ұсынуда алдына жан салмайтынын бәріміз жақсы білеміз. Соның бір дәлелі ретінде 31 арнада басталатын, басты рөлдерін сұлу Бурджу Кыратлы мен сымбатты Эмрах Эрдоган сомдайтын көпбөлімді "Мави" телехикаясын назарларыңызға ұсынамыз", - дейді телеарна өкілдері.

Хикаядан көрермен Әли есімді кейіпкермен танысады. Әли жарқын болашақ құруды армандайтын қарапайым жігіт. Алайда қазір кісі өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп отыр. Абақтыда отырған жас жігіт Мави есімді бойжеткенмен хат жазыса бастайды. Күндердің күнінде еркіндікке шыққан Әли Мавимен танысуға барып, оның ақылды, мейірімді, әділ ғана емес, ерекше сұлу қыз екенін көреді. Тағдырдың тәлкегінен құтылған жас жігіт сүйіктісімен жаңа өмір бастап, қатардағы адамдарша өмір сүргісі келеді. Әйткенмен, тағдырдың оған қатысты өз жоспары бар екен.

Әлидің сүйіктісі қорқынышты құпияны жасырып жүрген болып шығады. Оны Әлимен танысуға итермелеген махаббат емес, алынбаған кек екен. Алайда Әлидің өз құпиясы бар. Шын мәнінде ол осыдан көп жыл бұрын басқа біреудің қылмысын өз мойнына алған. Бұл сырын Мавиге ашамын деп ойлап жүреді.

Бас кейіпкер Мави есімді бойжеткеннің рөлін сомдаған Бурджу Қыратлы түріктің ең табысты, болашағынан үлкен үміт күттіретін актрисаларының бірі. Бұған дейін талай рет ірі жобаларда рөлдер сомдағанымен, "Мави" телехикаясы - актрисаның ең алғашқы үлкен жобасы. Бурджу қызуқанды, жүрегі кекке толы бойжеткеннің рөлін жанындағы әріптесі, өзінен әлдеқайда тәжірибелі актер әрі әнші Эмрахтың көмегімен сәтті алып шыққанын мойындайды.

"Ол өте тамаша жан, сенімді азамат, маған осы рөлді алып шығуда үлкен көмек көрсетті, - деп ағынан жарылды актриса. - Арамыздағы жас алшақтығы тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болуымызға септігін тигізді. Мен оның жұбайымен таныстым, жиі қонаққа бардым, әлі күнге араласып тұрамыз. Осындай ауызбірліктің арқасында фильм шынайы, сенімді шықты".

"Шиеленіскен тағдырлар, шым-шытырық оқиғалар Түркияның табиғаты көркем Кападокия жерінде түсірілгендіктен, киносүйер қауымды бей-жай қалдырмайды деп білеміз. Осы күздің ең романтикалық телехикаясы "Мавиді" 31 арнадан өткізіп алмаңыздар!", - дейді телеарна өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro