24 тамыз 2018 | 08:56

Алматыда контрабанда өткізіп, пара алумен айналысқан кеденшілердің соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпкерлерді қорқытып, аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алған кеденшілер Алматыда сотталып жатыр. 9 адамнан құралған қылмыстық топ "Алтынкөл" кеден бекетінде контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізіп отырған. Ал ауызбастырыққа жүктің әрбір артық келісі үшін 200 теңгеден пара алған. Сөйтіп, арандары ашылған лауазымды тұлғалар айналдырған 1 айдың ішінде 19 миллион теңгеден астам қаржыны қымқырған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпкерлерді қорқытып, аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алған кеденшілер Алматыда сотталып жатыр. 9 адамнан құралған қылмыстық топ "Алтынкөл" кеден бекетінде контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізіп отырған. Ал ауызбастырыққа жүктің әрбір артық келісі үшін 200 теңгеден пара алған. Сөйтіп, арандары ашылған лауазымды тұлғалар айналдырған 1 айдың ішінде 19 миллион теңгеден астам қаржыны қымқырған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, тергеу материалдары бойынша, сотталушылар лауазымын асыра пайдаланып, кәсіпкерлердің тонналаған тауарын бекеттен еш кедергісіз өткізген. Ал сол әрекеттері үшін "ауызбастырыққа" қомақты қаржы талап еткен. Ұйымдасқан қылмыстық топты қазір іздеуде жүрген Абай Азиханов құрған. "Жаркент" тексеру пунктінде бас маман болып қызмет еткен кеденші былтыр жазда саудагерлерден жүйелі түрде пара алу мақсатында тыңғылықты жоспар құрады.

"Кеден қызметкерлеріне шетелден әкелетін тауарлар көлеміне шектеу бары белгілі болды. Яғни, жеке тұлғалар шекарадан айына тек бір рет тауар өткізе алады және жеткізілген тауардың салмағы 50 келіден аспауы тиіс. Сондай-ақ, Кеден Одағының шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар адам басына 1500 еуродан аспауы керек. Азиханов заңдағы осындай талаптардың барын біле отырып әрі бекеттен халық тұтынатын тауарларды ірі көлемде алып өтуге қызығушылығы бар кәсіпкерлердің көп екенін ескеріп, бұл жайтты өз пайдасына жаратуға кіріседі", - деді мемлекеттік айыптаушы Сергей Горохов.

Күдікті Азиханов арам пиғылын жүзеге асыру үшін жанына делдалдар іздеген делінеді. Сөйтіп, Қанат, Азамат, Толик, Руслан деген бүркеншік ат жамылғандармен бірлесіп, заңсыз тауар тасымалына жол ашады. Делдалдар кеден бекетінен 50 келіден артық тауар өткізуге дәмелі кәсіпкерлерді іздестіріп, олардан пара алумен айналысады. Саудагерлер ортада "кассир" болған делдалдарға жүктің әрбір артық келісі үшін 200 теңгеден санап беруге мәжбүр болған. Ал пара беруден бас тартқандардың құтын қашырып, тонналаған тауарларын уақытша сақтау қоймасынан шығармай қойған. Тіпті, кеден заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартыпты.

"Азиханов әрмен қарай пара көлемін ұлғайту үшін, заңсыз өткізетін тауарлардың да көлемін арттыруға кіріседі. Бұл мақсатта оған "Жаркент" тексеру пунктіндегі Жолаушылар бөлімі қызметкерлерінің көмегі қажет болады. Әсіресе, сол бөлімшені басқаратын Қалдаманов Бекжанның бұл қылмысқа бірлескені Азихановқа ыңғайлы еді. 2017 жылдың қазан айында Азиханов Қалдамановқа өзі құрған қылмыстық жоспарын егжей-тегжейлі айтып, сыбайлас болуға шақырады", - деді мемлекеттік айыптаушы Горохов.

Ақшаның буына арандары ашылған Азиxанов пен Қалдамановтың ойы бір жерден шығады. Сөйтіп, олар қылмыстық топқа жетекшілік етеді әрі қарамағындағы өзге әріптестерін де заңсыз әрекет етуге тарта бастайды. Қылмыстық топ құрамындағы кеденшілер бекеттен саудагерлердің артық тауарларын жылдам және кедергісіз өткізіп отырған. Пара бергендер тауарлары үшін кедендік баж салығын төлеуден құтылған.

"Қараша айының соңында маған Азиханов келіп тауарларды тексермей өткізе бер деді. Егер қандай да бір кедергі келтірсем, мені басқа бекетке ауыстыратынын айтты. Сөйтіп, Құдырет деген біреу келіп тауарларды өткізіп, қолыма 150 мың теңге ұстатты. Ол ақшаны жанымдағы әріптестерім Аташев және Зайнидинов үшеуіміз бөліп алдық. Кейін тағы 200 мың теңге және 400 мыңдай теңге алдық. Бұған дейін Құдіретті өмірімде мүлдем көрмегем. Айыптау актісін оқыған кезде оның шын аты басқа екенін және ол агент екенін түсіндім", - деді сотталушы Мәди Камал.

Қарапайым саудагерден қыруар қаржы алып үйреніп қалған бекеттегі лауазымдыларды анықтау оңайға соқпаған көрінеді. Арада делдал қызметін атқарған бүркеншік есімділердің барлығы құзырлы органдардың арнайы жіберген агенті болып шықты. Құрыққа түскен кеденшілер қазір 2 баппен сотталып жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған қатысқаны үшін және кәсіпкерлерді қорқытып, аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алғаны үшін жаза арқаламақ. Тергеу материалдарына сүйенсек, 9 кеденші айналдырған бір айдың ішінде 19 млн 618 мың теңге пара алған. Тапқан олжа барлығына бірдей бөлінгенімен, қаржының қыруарын қылмыстық топтың жетекшілері Азиханов пен Қалдаманов қалтаға басқан.

Естеріңізге сала кетсек, бұл қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне биыл ақпан айында тосқауыл қойылған болатын. Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро және Бас прокуратура өкілдері өткізген арнайы операция кезінде Алматы, Жамбыл, қазіргі Түркістан облыстары мен Алматы қаласындағы кеден бекеттерінде контрабандамен айналысқандар әшкереленген. Нәтижесінде, 8 қылмыстық топ анықталып, 35 күдікті ұсталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети