Қамауға алынған ақтөбелік депутаттың банктерде жаңа есепшоттары табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мейіржан Өндіргенов. ©Timeskz.kz Мейіржан Өндіргенов. ©Timeskz.kz

Қамауға алынған ақтөбелік депутат Мейіржан Өндіргеновтің 5 986 000 теңге, 130 000 теңге, 77 миллион теңге және 141 507 теңге салынған есептік және депозит шоттары мен Астанада пәтер, жер телімі, көлікжай мен жер үйі бар екендігі анықталды, - деп хабарлайды "Мой Город" басылымы прокуратура өкілдеріне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қамауға алынған ақтөбелік депутат Мейіржан Өндіргеновтің 5 986 000 теңге, 130 000 теңге, 77 миллион теңге және 141 507 теңге салынған есептік және депозит шоттары мен Астанада пәтер, жер телімі, көлікжай мен жер үйі бар екендігі анықталды, - деп хабарлайды "Мой Город" басылымы прокуратура өкілдеріне сілтеме жасап.

Прокурорлар анықталған мүліктер мен шоттарды тәркілеуді сұрап отыр. "Өндіргеновке кінә тағылып отырған бапта мүлкін тәркілеу қарастырылған, тәркілеуді сұраймын", - деді мемлекеттік айыптаушы Елубек Таласов.

Сот отырысына айыпталушының адвокаты қатысты, ол Астанадағы мүліктің өзінің қорғауындағы адамға тиесілі екенін растады. Қаулы кешкі сағат 17.00-де шығарылады.

Еске салайық, Мейіржан Өндіргенов 30 мамырда аса ірі көлемде қаржы бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен ұсталған болатын. Депутат екі айға қамауға алынды. Депутатқа тағылып отырған айыптау баптары 7 жылдан 15 жылға дейін мүлкін тәркілеу арқылы бас бостандығынан айыруды және 200 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады. Бұған дейін депутаттың үйінен жұмыс орнынан 1,5 миллиард ақша табылған болатын.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro