Келінін басынан үтікпен 29 рет ұрған 86 жастағы зейнеткерге бір жыл шартты жаза берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©savok.name ©savok.name

Қостанай облысында 86 жастағы тұрғыны Зинаида Васева өз келінін үтікпен ұрып өлтіргені үшін бір жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында 86 жастағы тұрғыны Зинаида Васева өз келінін үтікпен ұрып өлтіргені үшін бір жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін келінін өлтірген қарияның полицияны өзі шақыртып, қылмысы жайында баяндап бергені хабарланған еді. Кемпірдің айтуынша, оның адам тонау бойынша бірнеше рет сотты болған баласы мен оның бірге тұратын әйелі оларға өз пәтерін сыйға тартуды армандаған. Баласы мұны бірнеше рет қорқытып, көңілдесі Алена Ткаченкоға да солай етуді тапсырғанын айтты. Еске сала кетейік, оқиға кемпірдің баласы жұмысқа кетіп, ол келінімен жалғыз қалғанда болған. Зейнеткердің айтуынша, ол дәрі ішіп, ұйықтап қалады. Кейін кеудесіне біреудің қолы тигенін сезіп оянады. Оның алдында қолына пышақ алған келіні тұрады. Келіні оны пышақтағысы келеді, бірақ кемпір оған қарсылық көрсетеді. Сол кезде қария қолына ілінген үтікпен қарсыласының басынан есі танғанша ұра береді. Бұдан кейін зейнеткер шаршағаннан ұйықтап қалады. Ұйқыдан оянып, болған оқиғаны есіне алған ол полицияға хабар берген. 

Қостанай облыстық сотының ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, келіні мүгедектігі болғандықтан және психиатрдың есебінде тұрғандықтан еш жерде жұмыс істемеген. "Тергеу кезінде және кейін сотта анықталғандай, әже сол уақытта көп уақыт бойы қорланып, келінінің кемсітуі мен қорқытуларынан физиологиялық аффект жағдайында болған. Зинаида Васева қасақана кісі өлтіру мақсатында емес, өз ісіне толықтай жауап бере алатын жағдайда болмай тұрғанда Ткаченконың басына үтікпен 29 рет соққы жасаған", - деп хабарлады облыстық соттың өкілдері.

Рудный қалалық соты Зинаида Васеваны "Ашу-ыза үстінде кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыс жасауға айыпты деп танып, оған бір жыл сынақ мерзімімен шартты түрде жаза кесті. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro