Ақтауда оқушылардың не үшін төбелескені белгілі болды, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Амангелді Халмұрадов айтты.
26 жасөспірім қатысқан жаппай төбелеске футбол ойынындағы жанжал түрткі болған.
"Қалалық әкімдік өкілдері, білім бөлімі және ювенал полиция қызметкерлері жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстар мен түсіндіру шараларын жүргізді. Төбелеске қатысқандар № 12 және № 16 мектептің 9-10-сынып оқушылары", - деді Амангелді Халмұрадов.
Төбелескендердің біреуі ойыншық тапанша ұстаған.
"Қару ойыншық болып шықты. "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалмайды. Төбелестен ешкім зардап шеккен жоқ, полицияға шағым айтып келгендер де болмады", - деді өңірлік ПД басшысының орынбасары.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00