18 қараша 2015 | 10:26

Алматы ТЖД төтенше жағдай туралы хабарлау үшін телеарналар эфирін үзіп тастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мasterok.livejournal.com © Мasterok.livejournal.com

Алматы ТЖД телеарналардың эфирін үзіп тастап, төтенше жағдай, соның ішінде жер сілкінісі туралы хабарлайтын болады. Бұл туралы брифинг барысында ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерік Алпысбаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы ТЖД телеарналардың эфирін үзіп тастап, төтенше жағдай, соның ішінде жер сілкінісі туралы хабарлайтын болады. Бұл туралы брифинг барысында ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерік Алпысбаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, құтқарушылар төтенше жағдайды Alma TV, Icon, ID TV провайдерлеріндегі телеарналар эфирінен хабарлайды. "Біз телеарналарды еш ескертусіз үзіп тастап, сейсмология институтының хабарламасынан кейін 15 минуттан соң барлық телеарнадан трансляция жасаймыз", - деді Алпысбаев.

Сонымен қатар, брифингте Қазақстанның оңтүстігінде сезілген жер сілкінісі туралы ақпараттың ТЖД сайтына дереу шыққаны айтылды. Түнде шұғыл хабар тарату үшін цифрлық 20 арна және барлық радиостанция үзілген.

"ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің бас директоры Ренат Бейсенбаевтың айтуынша, жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырымда болған. Жер асты дүмпулері Таразда сезілді. 50 минуттан кейін нақты дерек анықталды. Жер сілкінісін Мерке, Шымкент тұрғындары да сезген. ТЖД-ға Алматы тұрғындарынан жер сілкінісі туралы 25 қоңырау келіп түсіпті.

Еске сала кетейік, жер сілкінісі 17 қарашада, Астана уақыты бойынша сағат 23.29-да тіркелген еді. Магнитудасы 6,3-ке тең зілзаланың ошағы Қырғызстанда болды. Таразда, Мерке ауылы мен Шымкентте жер сілкінісі 3 балмен, ал Алматыда 2 балмен сезілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети