Астанада "Қазмедиа орталығынан" өрт шықты, ғимараттағы қызметкерлер эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада "Қазмедиа орталығынан" өрт шықты, ғимараттағы қызметкерлер эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Адамдар жаппай орналасқан үлкен ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт көлемі үлкен емес", - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында. Куәгерлердің айтуынша, өрт ғимараттың 17-ші қабатынан шыққан.
"Аэрозоль іске қосылды. Содан түтін эффектісі пайда болды. Қазіргі уақытта аэрозольдің неліктен іске қосылғаны анықталып жатыр. Аэрозоль 12-20 қабаттар аралығында іске қосылды. Ғимаратта әкімшілік пен өртсөндірушілерден басқа ешкім жоқ. Зардап шеккендер жоқ", - деді №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Әлібек Жарбақов.
Айта кетейік, 2013 жылы да елордалық медиа орталықта өрт шыққан болатын. Ол кезде өртенген аумақ 200 шаршы метр болды. 800 адам эвакуацияланды.