Лондоннан Гонконгқа ұшып бара жатқан Boeing 777 ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кейін ұшақ бортындағы төрт айлық баланың жағдайының ауырлағаны анықталды.
Лондоннан Гонконгқа ұшып бара жатқан Boeing 777 ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кейін ұшақ бортындағы төрт айлық баланың жағдайының ауырлағаны анықталды.
"Ең жақын әуежай болғандықтан экипаж командирі қонуға сұраным жолдады. Ол Алматыға сағат 08.55-те қонды. Жолсеріктердің айтуынша, қонуға бір жарым сағат қалғанда бала тыныс алуын тоқтатқан. Бортта дәрігер болмапты", - деп хабарлады дереккөзі.
Жасмин есімді сәбидің АҚШ азаматшасы екені анықталды, оның ата-анасы Францияның азаматтары. "Жансақтау шараларының барлығы жүргізілді, сол жерге қалалық балалар реаниматологы мен ересектер реаниматологы шақыртылды, әуежайдың барлық дәрігерлері мен жедел жәрдемнің үш бригадасы жұмылдырылды. Бірақ мұның барлығынан түк шықпады, сәби дәрігерлер көмекке келгенге дейін қайтыс болыпты", - деді дереккөзі. Қыз бала созылмалы жүрек жетіспеушілігінен көз жұмды.
Айта кетейік, ұшақ Гонконг қаласына ұшып кетті. Ата-анасы сәбидің денесін алып кетті.