20 мамыр 2015 | 18:14

Қостанайдағы лицейде балалардың жаппай улануы қайталанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medicinemoscow.ru © medicinemoscow.ru

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінде балалардың жаппай улануы қайталанды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінде балалардың жаппай улануы қайталанды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Басылымның мәліметінше, мекемеде 19 мамыр күні жеті адам уланып қалды. "Бұл балалардың жаппай улануына қатысты үшінші рет болған жағдай және тағы да сол қазақ-түрік лицейінде. Комиссия құрыңдар, қызметтік тергеу жүргізіңдер. Бұл лицей басшысының жауапкершілігін анықтау қажет. Жағдай қайталанып жатса да, ол бірінші реттен кейін ешқандай шара қолданған жоқ. Үш күннің ішінде жағдайды шешіп, жауабын беріңдер", - деп тапсырды облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов Қостанай облыстық әкімдігінде өткен кеңесте.

Айта кетейік, биыл оқу жылында облыс бойынша 91 бала уланды, олардың 54-і №1 Ұзынкөл орта мектебінің, ал 37-сі дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушысы. "Жаппай улануларға қатысты материалдар қылмыстық іс қозғау үшін ішкі істер органдарына жіберілді. Қылмыстық іс қозғалды, бірақ тараптардың ымыраға келуіне байланысты тоқтатылды. Осылайша, заң талаптарын бұзғандар жазасыз қалды, тіпті әкімшілік жаза да қолданылған жоқ", - деді Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Бәйменова облыстағы балалардың жаппай улануы туралы.

Айта кетейік, лицейдегі кезекті жаппай улануға қатысты басқармадағылар ресми түсінік берген жоқ. Еске сала кетейік, 2014 жылы желтоқсанда Қостанайда қазақ-түрік лицейінің 20 оқушысы астан уланып қалып, ауруханаға түсті. Кейін санитар дәрігерлер лицейдің асханасынан алтын түсті стафилококк тапты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети