Семейде болған жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша шамамен 22.00-де болған.
Гагарин-Шугаев көшелерінің қиылысында Renault маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалады, сөйтіп, төменге қарай құлдилаған автомобиль ағашқа соғылған. 00.27-де құтқарушылар көлікті шығарған.
Алдын ала мәлімет бойынша, автомобильде бес жолаушы болған. Оқиға орнына ТЖ қызметінің құтқарушылары барып, талқаны шыққан көліктен қаза болғандардың мәйіттерін шығарған. ТЖ қызметкерлерінің мәліметінше, бес адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Фото мен видео: Tengrinews.kz
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Мне тоже так звонили голосовая запись есть