06 желтоқсан 2016 | 18:53

Роналду "Алтын допты" төртінші рет алуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадридтік "Реал" мен Португалия ұлттық құрамасының әйгілі футболшысы Криштиану Роналду  2016 жылдың үздік футболшысына берілетін мәртебелі жүлде "Алтын допты" иеленуі әбден мүмкін. Бұл туралы Испанияның El Mundo Deportivo басылымы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Мадридтік "Реал" мен Португалия ұлттық құрамасының әйгілі футболшысы Криштиану Роналду  2016 жылдың үздік футболшысына берілетін мәртебелі жүлде "Алтын допты" иеленуі әбден мүмкін. Бұл туралы Испанияның El Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

Басылым таратқан ақпарат бойынша бейсенбі күні "France Football" журналының тілшісі Мадридке келіп, футболшыдан сұхбат алады. Ал ол сұхбат дүйсенбі күні (12 желтоқсан) Роналду ресми түрде "Алтын допты" алғаннан кейін жарияланатын болады.

Айта кетейік, "France Football" журналы осы жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде биылдан бастап үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өтеді. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы француз басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, "Алтын доп" иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. ФИФА бұл марапатты табыстаған тұста тілшілермен қатар, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен капитандары да дауыс беруге қатысқан болатын.

Биыл "Алтын допты" иеленуде Криштиану Роналдудың фаворит екені жасырын емес. Португалдық сұрмерген өткен маусымда "Реалмен" Чемпиондар лигасы, ұлттық құрамада Еуропа чемпионы атанды.

Криштиану Роналду "Алтын допты" осыған дейін үш рет иеленді. Ал, Лионель Месси бес рет жеңіп алған жалғыз ойыншы. Әлемде "Алтын допты" қтып алған футболшылар тізімі:

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети