Астанада жылыту маусымы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Астанада жылыту маусымы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Елордада орташа тәуліктік ауа температурасы +10 градустан төмен деңгейде орнауы салдарынан, бүгін Астана қаласының әкімдігі жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдады.
"Астана қаласының жылыту маусымын дайындау және өткізу туралы ережелеріне сәйкес, келесі нысандарға жылу беріледі: балаларға, емдеуге арналған, білім мекемелері, кәсіби мектептер, әлеуметтік-медицина мекемелері, тұрғын үйлер, жатақхана, қонақүйлер, әкімшілік ғимараттар, оқу ордалары, театрлар, басқа мекемелер", - делінген хабарламада.
Әкімдіктегілердің мәлімдеуінше, алдағы жылыту маусымына 169 білім беру нысандары, 37 - денсаулық сақтау мекемесі, 15 - мәдени, 2116 көппәтерлі тұрғын үй толықтай дайын.