Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Астанада полицияға "Әсем" базарын жарып жіберу ниеті барын айтып, қоңырау шалған адам тұтқындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокурорлар К. деген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 242-бабы - "Терроризм актісі туралы көпе-көрінеу жалған ақпарат беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс материалдары сотқа жолданды, сот оны тұтқындауға санкция берді. Бұл оқиға қаңтардың 24-і күні болған. Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалып, "Әсем" базарын жарып жібермекші екенін айтқан. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде К. деген азамат ұсталды. Құқық қорғау органдарының тексеруі барысында базарға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Еске сала кетейік, қаңтардың 24-і күні осындай оқиға Қостанайда да тіркелген болатын. 36 жастағы ер адам қалалық ішкі істер басқармасына қоңырау шалып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Жалған ақпарат берген ер адам көп ұзамай мас күйінде ұсталды, әйелімен жанжалдасып қалған қостанайлық осылайша оның назарын өзіне аудармақ болыпты.
Астанада полицияға "Әсем" базарын жарып жіберу ниеті барын айтып, қоңырау шалған адам тұтқындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлар К. деген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 242-бабы - "Терроризм актісі туралы көпе-көрінеу жалған ақпарат беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс материалдары сотқа жолданды, сот оны тұтқындауға санкция берді.
Бұл оқиға қаңтардың 24-і күні болған. Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалып, "Әсем" базарын жарып жібермекші екенін айтқан. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде К. деген азамат ұсталды. Құқық қорғау органдарының тексеруі барысында базарға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады.
Еске сала кетейік, қаңтардың 24-і күні осындай оқиға Қостанайда да тіркелген болатын. 36 жастағы ер адам қалалық ішкі істер басқармасына қоңырау шалып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Жалған ақпарат берген ер адам көп ұзамай мас күйінде ұсталды, әйелімен жанжалдасып қалған қостанайлық осылайша оның назарын өзіне аудармақ болыпты.