Жұмыс күшіне мұқтаж Шығыс Қазақстан оңтүстіктен барғандарды қабылдап жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото tags.walla.co.il сайтынан Фото tags.walla.co.il сайтынан

Жұмыс күшіне мұқтаж Шығыс Қазақстан облысы ОҚО-дан көшіп барғандарды қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Республиканың Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жұмыс күшіне мұқтаж Шығыс Қазақстан облысы ОҚО-дан көшіп барғандарды қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Республиканың Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың желтоқсанында Риддер қаласында көппәтерлі үй оңтүстік аймақтан "Жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша бірінші болып көшіп барғандарға беріледі.

"Оңтүстік аймақта еңбек күшінің артылуы сезіледі, ал солтүстіктегі демографиялық өсімнің қарқыны артып, алдағы уақытта жұмыс күші тапшы болады деп күтілуде, сондықтан бұл бағдарламада жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші тапшы облыстарға азаматтарды көшіру қарастырылды", - делінген хабарламада.

Адамдарды бағдарлама бойынша көшіру тек жұмыс берушілердің талабымен ғана жүзеге асырылады. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 24 миллиард теңге бөлінді.

Биыл күзде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен екінші тарап Шығыс Қазақстан облысы меморандумға қол қойды. Бүгінгі таңда жұмыс күшіне аса мұқтаж Риддер қаласы, пилотты қала ретінде белгіленді. Қарашаның 5-інде оңтүстік өңірлердің жұмыспен қамту орталықтары мамандары Риддерге барып, қажетті мамандықтар тізімін жасады.Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, электршілер мен тас қалаушы-құрылысшылар бар.

Қазіргі таңда Алматы облысынан сегіз, Жамбыл облысынан бес, Қызылордадан 10 және Оңтүстік Қазақстан облысынан 30 отбасы бағдарламаға қатысуға өтініш білдірді. Жұмысберушілердің талаптары бойынша еліміздің оңтүстігінен мамандарды көшіру жұмыстары келесі жылы жалғасады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro