Қазақстандық депутаттар каникулға шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық депутаттар каникулға шықты. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық депутаттар каникулға шықты. 

Палаталардың біріккен отырысын Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ашты. Біріккен отырысқа премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысты.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, бірінші сессия 100 күнге жалғасты, бұл әдеттегі парламент сессиясының мерзімінен үштен бір бөлігіне көп. 

"Осы мерзімде біздің елімізде маңызды шешімі қабылдануы тиіс көптеген маңызды оқиға болды, олардың шешімі Мемлекет басшысының көреген екенін көрсетіп берді, ол әрқашан халықпен бірге болып, батыл шешімдер қабылдай білді. Бұған Президентіміздің бірінші кезекте қазақстандықтардың қалауына ерекше назар аударып, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге мораторий жариялауы жарқын дәлел. Осының қорытындысында Ұлт көшбасшысына деген сенім нығайып, халықтың бірлігі қуатты бола түсті", - деп мәлімдеді Нығматулин.

Бірінші сессияда жалпы Палаталардың біріккен 3 отырысы, Мәжілістің 12 жалпы отырысы, Сенаттың алты жалпы отырысы, тұрақты Комитеттердің 170 отырысы, екі палатада да заң жобалары бойынша жұмыс тобының 186 отырысы өтті.

Нығматулиннің айтуынша, осы кезеңде Парламентте 42 заң жобасы қаралды, олардың 18-і өткен шақырылымнан өткен, 24-і сессия кезінде түскендер. Жеті заң жобасының бастамашылары - депутаттар.

Сессия соңында Мәжіліс Сенатқа 13 заң жобасын жолдап, Парламент 12 заң қабылдады.

Парламент қабылдаған заңдардың бүгінде 4-еуіне Қазақстан Республикасының Президенті қол қойып, заңды күшіне енді.

Нығматулин күзде азаматтардың және ұлттың қауіпсіздігін қуатты ете түсуне бағытталған заңдардың қабылданатынын атап өтті. Келесі сессияның басында үкімет Парламентке қажетті заң жобаларын енгізуі күтіліп отыр. 

"Осы кезеңде бір тұңғыш рет ел қауіпсіздігіне күтпеген ірі сынақтармен, радикал жалған діни ағымдардың ұстанушыларының террористік шабуылына тап болдық, бұ оқиға маусым айының басында Ақтөбеде болды, өкінішімізге қарай, бұл көп адамның қаза болуы мен зардап шегуіне әкеп соқты. Бүкіл ел аяусыз терактіні сөгіп, қаза болғандар мен зардап шеккендердің қайғысына ортақтасты. (...) Біз үкіметпен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейбіт өмір мен халықтың тыныштығын қорғауға арналған бардық қажетті шараны ұйымдастыруға тиімді әрі үйлесімді жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Нығматулин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro