18 ақпан 2014 | 17:50

Келімбетов арандатушылыққа бой алдырмауды өтінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов. ©Марат Әбілов Қайрат Келімбетов. ©Марат Әбілов

ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов халық арасында пайда болған кейбір банктердің жағдайы туралы алыпқашпа әңгімелерге байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, ұялы байланыс абоненттері арасында SMS түрінде пайда болған кейбір қазақстандық банктердің қаржылық жағдайы туралы ақпарат жалған. "Бұл ақпараттың жалған, негізсіз екенін, әрі арандату мен еліміздің банк жүйесін тұрақсыздандыру мақсатында таратылғанын растайды", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Қайрат Келімбетов заңнамаға сәйкес, мемлекет жеке тұлғалардың кез келген валютадағы депозитіне кепілдік береді. "Ұлттық банк азаматтардан сондай арандатуларға бой алдырмауды және сабыр сақтауды өтінеді", - деп мәлімдеді Келімбетов. Ұлттық банк басшысы қазақстандық банктердің барлығында да ұлттық валютада болсын, шетелдік валютада болсын, қаражат жеткілікті екенін айтты. Қажет жағдайда Ұлттық банк оларға өтімділікті ұсынуда тиісті көмек көрсетпек. "Ұлттық банк өз тарапынан құқық қорғау органдарына әлгіндей арандатушылық әрекеттердің алдын алу және жолын кесу мақсатында өтініш жасады", - деді Ұлттық банк төрағасы. Бұған дейін WhatsApp желісімен абоненттерге "Альянс банк", Kaspi Bank және "Банк ЦентрКредит" сияқты қаржы мекемелерінің банкротқа ұшырағаны туралы хабар таратылғаны айтылған болатын. Мұндай ақпарат бірқатар банкте салымшылардың дүрлігуіне жол берді. Әзірше жалған ақпараттың шыққан көзі анықталған жоқ.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети