Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ тіліне аударылып, кейін қайта қолданысқа енген халықаралық сөздер жайлы мәлімдеп, "смартфон" сөзін қазақшаламауды бірінші болып айтқандардың бірі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ тіліне аударылып, кейін қайта қолданысқа енген халықаралық сөздер жайлы мәлімдеп, "смартфон" сөзін қазақшаламауды бірінші болып айтқандардың бірі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұражай" - музей, "архив" - "мұрағат" сияқты түсінбестік туғызған сөздерді талқылау бойынша бірнеше отырыс өтті. "Смартфон" сөзінің қазақша баламасын ойлап табуға қарсы шыққандардың бірі мен. Біз қазіргі уақытта сол халықаралық сөздерді керісінше, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін қолданысқа енгізіп жатырмыз", - деді Мұхамедиұлы үкімет отырысының қорытындысы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып.
Сонымен қатар, министр мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың қазақ тілінде 27 мыңға жуық жаңа термин пайда болады деген сөзін түзеді.
"Сөз сөйлеген вице-министрдің өзі сөзінің осылайша өзгеріп шыға келгеніне алаңдаушылық білдірді. Ресми аударма бар, техникалық аударма бар, жалпы ол тілге енген жаңалықтардың қалай өзгеретінін көрсетті", - деді Мұхамедиұлы 27 мың сөздің соңғы 25 жылда қазақ тіліне аударылған сөздер екенін растап,
Еске салайық, таяуда Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар бірінші сынапқа арналған орыс тілі оқулығының суреттерін жолдаған болатын. Желі пайдаланушысы "машина" сөзінің қазақша аударылуына назар салған еді. Кейін ҚР БҒМ бірінші сыныпқа арналған оқулықтағы "мәшине" сөзін қате деп таппағанын мәлімдеді. "Мәшине" сөзі қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне енгенін атап өтті ведомство өкілдері.