31 қаңтар 2017 | 08:49

Назарбаев үш тілді оқу жайлы: Қазақ тілінің басымдығы сақталады, әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елімізде білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет", - делінген Жолдауда.

Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.

Осылай дей келе Елбасы Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырды. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленеді.

"Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90 пайыз ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Айтуынша, 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. "Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет" деген елбасы Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі екенін айтты. Сонымен қатар, білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек, - дейді Елбасы.

"Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Менің бастамам бойынша биыл "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет", - делінген Жолдауда.

Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының мәтіні бүгін жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети