2016 жылы қаңтарда Starbucks Алматыда екі дәмхана ашады. Олар Mega Alma-Ata мен Mega Park сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасады. Әлемге әйгілі Starbucks бренді мен MEGA сауда және ойын-сауық орталығының арасында жалға алу туралы келісімшартқа қазан айының басында қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MEGA орталығының PR-департаментіне сілтеме жасап.

"Starbucks-тың Қазақстан нарығына кіргені үшін қуаныштымыз және Starbucks бренді әлемдік нарықта еліктеуге тұратын кейіпке ие болғандықтан, алғашқы дәмханалардың MEGA орталығында ашылатыны біз үшін ғанибет. Starbucks дәмханалары бүкіл әлемде үлкен әрі серпінде қалалардың ажырамас келбетіне айналды. Мұндай деңгейдегі халықаралық оператордың келуі Қазақстандағы сервисті жаңа сатыға көтереді. Осылайша Қазақстан Starbucks дәмханалары келушілеріне есігін айқара ашқан 67-ел болмақ", - деді Astana Group компаниясының негізін салушы Нұрлан Смағұлов.
Сонымен қатар, Starbucks таратқан хабарламада компанияның лицензиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті Рис Айлидің Starbucks брендінің Қазақстан нарығына кофе индустриясы дамыған ел ретінде құлшыныспен қарайтыны айтылған.
Айта кетейік, кофе сататын және аттас дәмханалар желісімен айналысатын Starbucks Corporation америкалық компаниясы 1971 жылы құрылған. Starbucks әлемдегі ең ірі кофе компаниясы болып табылады, оның 64 елде 20,5 мыңнан аса дәмханалар желісі бар.