23 мамыр 2015 | 14:08

Батырхан Шүкеновтің туыстары мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bmtv.kz © bmtv.kz

Батырхан Шүкеновтің жақындары әншінің атын жеке мақсаттарға пайдаланбауды сұрады. Мұны әншінің директоры Олжас Байқанов KTK арнасының тілшілеріне айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Батырхан Шүкеновтің жақындары әншінің атын жеке мақсаттарға пайдаланбауды сұрады. Мұны әншінің директоры Олжас Байқанов KTK арнасының тілшілеріне айтты.

"Батырахан Шүкеновке қатысты кез келген шараны өткізбестен бұрын бізден рұқсат алу керек. Оның атын, әнін, фотосуреттерін біздің рұқсатымызсыз пайдалануға болмайды. Заң тұрғысынан да, әдептілік тұрғысынан да солай", - деді Байқанов.

Батырхан Шүкеновтың директоры Олжас Байқанов. © ktk.kz

Оның айтуынша, әншінің өлімінен кейін біреулер ақылы шоулар ұйымдастырып, афишаларға оның суреттерін рұқсатсыз іле бастаған. Батырханның есімі байк-фестивальді жарнамалау үшін де қолданылыпты. Ұйымдастырушылар Никита Джигурда музыканттың "Джулия" әнін орындайды деп хабарлаған. Батырханның туыстары араласқаннан кейін ғана олар бұл ойынан айныды.

Батырхан Шүкеновтің туыстары оның жанкүйерлеріне, еске алу кештерін ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Тілшілер мен блогерлерді, интернет қолданушыларын расталмаған ақпарат таратпауға шақырды.

"Әрбір сөз әншінің туыстарына қатты әсер етеді. Кейбір мақалаларды оқып жағамды ұстадым. Қазақ тілінде жазылған бір мақаланы орыс тілді тілшілер дұрыс аудармаған. Сол себепті, оның мағынасы мүлдем өзгеріп кеткен. Бұл Батырдың туыстарына қатты әсер етті. Кеше оның әйелі Катя мен ұлы Мақсат жылап телефон шалды", - деді әншінің директоры.

Оның айтуынша, Батырханның туындыларының авторлық құқығы оның анасы Дилара Ибрагимқызына тиесілі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети