"Сәлем, Ұлы Дала" жобасы бір әулеттен шыққан әншілерді сахнада тоғыстырады

viewings icon 740 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Сәлем, Ұлы Дала" жобасы бір әулеттен шыққан әншілерді бір сахнаға тоғыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Сәлем, Ұлы Дала" жобасы бір әулеттен шыққан әншілерді бір сахнаға тоғыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәлем, Ұлы Дала"  жобасы аз уақыт аралығында көрермен көзайымына айналды. "Хан шатыр" ойын-сауық орталығында әр жексенбі сайын өтетін концерт жанды дауыста орындалып, көрермендердің көңілінен шықты.
Әр апта сайын қазақстандық танымал әншілерді сахнаға жинаған жоба көрермендерді таңқалдырудан жалықпайды. Себебі ойын-сауық орталығының кез келген қонағы шоу көрермені атануға мүмкіндігі бар.

Ал "Impressario Live" айдарында әншілердің соңғы болып жатқан жаңалықтарымен, сондай-ақ әр маусымның ең үздік жеті әнін көрерменмен бірге анықтайды.

Сондай-ақ, тікелей эфир көрермендері өздерінің сәлемдерін "Жұлдыз FM" жүргізушісі Жасұлан Қалимен бірге жолдай алады. "Сәлем, Ұлы Дала" жобасымен тікелей эфирде барша қазақстандықтар көретін құттықтау тілектерін жолдау қиын емес.

Ал осы аптада "Сәлем, Ұлы Дала" жобасында қазақстандық танымал әншілер Роза Рымбаева және Нағима Есқалиева өнер көрсетеді. Қазақстан халық артистері Роза Рымбаева және Нағима Есқалиеваның қазақ сахнасында өзіндік орны бар, осы күнге дейін көптеген белестерді бағынырып, тыңдармандарын жетістіктерімен таңқалдырып келеді.

Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов қазіргі таңда көрермендерге танымал әнші ретінде белгілі. Ол аз уақыт аралығында еңбекқорлығы мен табандығының арқасында халықтың сүйікті әншісіне айналды. Анасы мен ағасының жолын Рымбаеваның кіші ұлы Мәди де жалғап келеді.

Ал Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев халыққа өзіндік ерекше ән айту стилімен танымал. Ол қазақ шоу бизнесінде өзіндік бағытын қалыптастырды. Диас Аблаевтың дауыс тембрін басқа әншілермен шатастыру мүмкін емес. Жобаның осы шығарылымы әртүрлі жастағы көрермендерге қызықты болмақ.

Нақтырақ айтсақ, сахнада өзіндік орны бар екі үлкен артистің тоғысуы: ана мен бала арасындағыән шашуды жіберіп алмаңыздар. Олай болса, бір әулеттен шыққан әншілердің бір сахнада өнер көрсету сәтін 20 мамыр "Хан шатыр" ойын-сауық орталығынан, сондай ақ, Жетінші арнадан тамашалай аласыздар!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю