Келімбетовтің доллардың 190 теңгеден аспайтыны жайлы уәдесінің орындалмауы Үкіметте түсіндірілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгін Үкіметте Ұлттық банк басшысының доллар бағамының алдағы маусымда 190 теңгеден жоғары болмайтыны туралы уәдесінде тұрмағанына түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Үкіметте Ұлттық банк басшысының доллар бағамының алдағы маусымда 190 теңгеден жоғары болмайтыны туралы уәдесінде тұрмағанына түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәрім Мәсімовтің айтуынша, 15 шілдеде Ұлттық банк валюта дәлізінің кеңеюі жайлы шешімді теңге бағамының иілгіш әрі еркін құрылуын қамтамасыз ету мақсатында шығарды. 

"Алайда, жаһадық экономикадағы жағдай нашарлап жатыр, еліміздің негізгі экспорттық өнімдері - мұнай мен металлға деген әлемдік бағасы түсіп жатыр, бұл жалпы ішкі өнімге жағымсыз әсер етеді және отандық экономиканың сыртқы шоктарға осалдығын арттырады", - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, экспорттық табыстардың төмендеуі республикалық бюджеттің табысы мен елдің төлем балансына жағымсыз әсерін береді.

Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Ол Үкіметтің және Ұлттық банктің халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдау бойынша және бағаның , әсіресе маңызды азық-түлік пен қызметтердің бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша шараларды жүргізетінін айтты.

"Айырбас бағамының мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын нарықтағы сұранысы мен ұсынысы экономикалық дамуды қайта құруға, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің жоғарылуына, 3-4 пайызға дейін ұзақ мерзімді перспективада жаңа жұмыс орындарын ашуға қажетті мүмкіндіктерді туғызады", - деді Мәсімов.

Айта кетейік, 19 тамызда доллар курсы қазақстандық бірқатар сайтта 194 теңгеден асты. ҚР Ұлттық банкі әзірше бұл жағдайға қатысты түсінік берген жоқ. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro