Ақтаулық дизайнер Криштиану Роналдуға тіккен шапаны жайында айтып берді

viewings icon 951 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© lada.kz © lada.kz

Ақтаулық этнодизайнер Нұржамал Нұрпейісова әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдуға арнап қазақтың ұлттық бөркі мен шапанын тіккен, деп хабарлады "Хабар 24".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтаулық этнодизайнер Нұржамал Нұрпейісова әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдуға арнап қазақтың ұлттық бөркі мен шапанын тіккен, деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның хабарлауынша, ту сыртына алтын күн мен қыран бейнеленіп, ою-өрнекпен зерленген тағы үш шапан теңбіл доп спорты жұлдызының жаттықтырушыларына бұйырды. Өз ісінің кәсіби шебері бұл тапсырысты атыраулық мұнай мекемесінен қабылдаған екен. Екі айда дайын болған бұйымдар иелеріне Женевада тапсырылды.

Мұндай тапсырысты қабылдау кез келген ісмердің басына қона бермейтін бақыт екені анық. Әлемге танымал футбол жұлдызына арнап қазақтың ұлттық шапанын пішуден бұрын этнодизайнер оның ғаламтордағы суреттерін парақтап, талғамын білуге біраз уақыт жұмсапты.

"Тапсырыс беруші қойған басты талап шапан классикалық үлгіде күнделікті киюге арналып әзірленуі тиіс болды. Ойлана келе, жағасы мен қалталары алтын түстес оюлармен зерленген костюм пішуге шешім қабылдадым. Роналдуға бұл шапан тапсырылған сәтте шетелде іссапарда болдым. Естуімше, ол қазақ халқының ұлттық киімін зор қуанышпен қабыл алыпты. Бұл барша қазақстандықтар үшін ортақ қуаныш, зор мәртебе деп санаймын", - деді этнодизайнер Нұржамал Нұрпейісова.

Ісмердің айтуынша, компьютермен бас-аяғы 10 эскиз сызылған. Әрқайсысы қайталанбас ерекшелігімен көз тартады. Алайда соңғы таңдау шымқай қара түсті масаты матадан тігілетін шапанға түскен. Шетелге жол тартқан ұлттық киімді тәжірибелі тігінші-модельер Нұрғали Рахымқұлов пішіп шығарды.

"Жалпы түсі қара болатын, өрнектері сарғыш-алтын түстес деп айтамыз. Біз оның атақты адамға тігіліп жатқанын білгеніміз жоқ. Ұжым болып бастадық. Заманға сәйкес, модаға сәйкес костюм ретінде тігілді. Әрине, жұмысымыз әлемге танылып жатса, Қазақстанымыз әлемге танылып жатса, қуанамыз ғой", - деді тігінші-модельер Нұрғали Рахымқұлов.

Айта кетейік, Нұржамал Нұрпейісова басқаратын сән үйінің ұжымы бүгінде көктем-жаз сән үлгілері топтамасын дайындап жатыр. Кәсіби ісмерлердің қолынан шыққан бағалы бұйымдар таяу күндері шетелдегі көрермен назарына ұсынылады. 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
26°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю