Өткен жылдың желтоқсанында Владимир Путиннің кешірім беруімен бостандыққа шыққан ЮКОС-тың экс-басшысы Михаил Ходорковский мемлекет дағдарыс жағдайына тап болған жағдайда Ресей президенті болуға әзір екенін жеткізді, деп хабарлайды "Дождь". Бұл туралы ол француздың Le Monde газетіне берген сұқбатында мәлім еткен.

Ходорковский елде дағдарыс орын ала қалған жағдайда және оны еңсеру керек болса, конститутциялық реформаларды жүргізу керек болса, онда ол "жұмыстың бір бөлігін өз қолына алуға әзір" екенін жеткізді. Оның сөзінше, конституциялық реформа қазіргі президент құзырындағы биліктің бір бөлігін сотқа, парламент пен азаматтық қоғамға бөліп беруді көздейді.
Ол сондай-ақ, дәл қазіргі уақытта оның алдына президент болуы мақсаты жоқ екенін де айтып қалды.
Жуырда ғана өткен онлайн-конференция барысында өзінің ұйымдастыруындағы "Ашық Ресей" жобасы аясында 2016 жылы өткелі отырған Думма сайлауы алдында "коалиция" құру қажет екенін де айтқан. Бұған дейін ол "Ведомостиге" берген сұқбатында жаңартылған "Ашық Ресей" жобасы "ресейдің еуропаға бет бұрған бөлігіне" көмек беруге жұмылдырылғанын мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба "жалпылама нақты шешімдерді өте қысқа уақытта жиналуға және орындауға мүмкіндік беретін желілік құрылымға негізделген. Мәселен, ол жоба сайлауалды компания қарсаңында тиімді жұмыс істемек".
Алайда "Говорит Москва" раидостанциясына берген сұқбатында кәсіпкердің баспасөз хатшысы Ольга Писпанен Ходорковскийдің нақты қай жылы өтетін президенттік сайлауға қатысқалы отырғанын белгісіз екенін айтқан болатын. "Мәселе қай жылы өтетін сайлауға қатысу емес, бар мәселе елде дағдарыс орын ала қалған жағдайда", - деп атап өтті Писпанен.