Қазнет қолданушыларын АҚШ-тағы көше саксофоншысының қазақ музыкасын орындауы таңғалдырды. Музыканттың орындауын қазақстандықтар видеоға түсіріп, желіге салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде саксофоншының "Қамажай" әні мен Әнұранды, "Көзімнің қарасын" аса шеберлікпен ойнаған видеосы лезде таралған.
Видеоға сүйенсек, оқиға Нью-Йорк қаласында болған.
Музыкантты бірнеше қазақстандық қоршап алған, біреуі саксофоншының орындауын видеоға түсіріп, әнмен сүйемелдеп тұрған.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00