Қазақстанның көне төрт қаласы ЮНЕСКО тізіміне енгізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанның көне төрт қаласын ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның көне төрт қаласын ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазір біздің мақсатымыз - Ұлы Жібек жолының одан арғы жалғасын тізімге енгізу. Сонымен қатар, Ұлы Жібек жолының Сырдариядағы бөлігі және Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық қалаларының көне орындары енгізіледі. Таяу арада ЮНЕСКО отырысында біз осы ұсынысымызды енгізе аламыз", - деді Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, сәйкес номинацияларын тағайындау нәтижесінде ЮНЕСКО Қазақстанға реставрациялау жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. "Мысал ретінде өткен жылы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін реставрациялау кезінде үлкен мәселе туындағанын айта аламын, сол кезде ЮНЕСКО тарапынан көмек көрсетілді", - деп баса айтты ол.

Министр Сарайшық қаласының сәулеттік келбетін сақтауға алаңдайтынын білдірді. "Сарайшық облыстық басқарманың назарындағы нысан ғана емес, Дүниежүзілік мұра нысаны мәртебесін алса деп тілейміз. Сонда біз басқа да қаражаттарды тарта аламыз", - деп түсіндірді министр.

ҚР МСМ басшысы айтып өткендей, Қазақстанда ЮНЕСКО бастамасымен мәдениеттерді жақындастырудың мамандандырылған орталығы жұмыс жасайды, оны академик әрі археолог Карл Байпақов басқарады. "Осы орталықтың арқасында ЮНЕСКО-мен ғана емес, әлемнің басқа да ірі мәдени орталықтарымен өзара іс-қимылының арқасында көп есе белсенді болады. Біз қазақ хандығының 550-жылдығының арқасында Қазақстанда алғаш рет Көне Тараз археологиялық қалашығын ұйымдастырдық", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro